«Нұрбанк» акционерлік қоғамы (2004 жылғы 9 қарашадағы № 3868-1900-АҚ мемлекеттік қайта тіркеу жөніндегі куәлік, СТТН 151000015914, БСК 190501849), мына мекенжайда орналасқан: Алматы қ., Желтоқсан к., 168 «Б», осы хабарлама арқылы 2008 жылғы 05 қыркүйекте өткен «Нұрбанк» АҚ-тың кезектен тыс акционерлердің жалпы жиналысында 2 840 959 Қоғамның дауыс беретін акциясының иелері дауыс беруге қатысқандардың барлығы бір ауыздан Қоғамның акционерлеріне келесі шешімдер қабылдады:
1. «Ernst&Young» ЖШС 2008 жылға «Нұрбанк» АҚ-та аудит пен топтың шоғырландырма есеп беруін (банк конгломератын) жүргізу үшін аудиторлық ұйым ретінде бекітілсін.
2. «Нұрбанк» АҚ-тың акциясын сатып алған кездегі жаңа редакциядағы Акция құның анықтау әдістемесі бекітілсін.
3. 2007 жыл — 2008 жылғы 30 қыркүйек кезеңі үшін артықшылықты акциялар бойынша, Қоғамның Жарғысына сәйкес, кепілдікті ең аз көлемде, атап айтқанда 1 артықшылықты акцияға 1000 теңге мөлшерде дивиденттерді төлеу күні бекітілсін.
4. Корпоративтік хатшыға қатысты «Нұрбанк» АҚ жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін, атап айтқанда:
1) «Нұрбанк» акционерлік қоғамы жарғысының 20 бабының 2 тармағы 10-1) тармақшасымен келесі мазмұнда толықтырылсын: «тағайындау, корпоративтік хатшының өкілеттік мерзімін анықтау, оның өкілеттілік мерзімін бұрын тоқтату, сондай-ақ лауазымдық жалақысының мөлшері және корпоративтік хатшынының сыйақы шартын анықтау;»;
2) «Нұрбанк» акционерлік қоғамы жарғысының 20 бабының 9,10,11,14 тармақтары «хатшының», «хатшы» сөздерінің алды «Корпоративті», «Корпоративтік» сөздерімен толықтырылсын.
5. Банк конгломераты жөніндегі Корпоративтік басқарма кодексі бекітілсін.
6. «Нұрбанк» АҚ-тың Директорлар кеңесі құрамы өзгертілсін: Директорлар кеңесі құрамынан тәуелсіз директор — Қрымқұлов Сағын Ерқасұлы шығарылсын және Директорлар кеңесі құрамына тәуелсіз директор Ержанова Раушан Зейноллақызы енгізілсін.