«Нұрбанк» акционерлік қоғамы акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы хабарлама

«Нұрбанк» акционерлік қоғамы акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы хабарлама

«Нұрбанк» акционерлік қоғамы (мемлекеттiк қайта тіркеу туралы № 3868-1900-АО куәлік 2004 ж. 9 қарашада берілген), орналасқан мекенжайы: Алматы қ., Желтоқсан к-сі, 168 «Б», 2008 жылғы 25 шілдеде «Нұрбанк» АҚ Директорлар кеңесінің мәжілісінде қабылданған шешімге сәйкес, Сіздерге Банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы хабарлайды. Жиналыс 2008 жылғы 05 қыркүйек сағат 10.00-да Алматы қ., Достық д-лы, 38 мекен-жайында орналасқан «Кең Дала» бизнес-орталығының ғимаратында болады. Қатысушыларды тіркеу сағат 9.00-да басталады.

Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2008 жылғы 29 шілдедегі жағдайы бойынша түзіледі.

Күн тәртібі:

  1. «Нұрбанк» АҚ-ның аудитын жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды және 2008 жылға топтың (банктік конгламераттың) үйлескен жылдық қаржы есептігін белгілеу;
  2. «Нұрбанк» АҚ-ы акцияларды сатып алуда, олардың бағасын анықтау Әдістемесін жаңа редакцияда бекіту;
  3. 2007 жылға артықшылықты акциялар бойынша, дивиденттер төлеу мерзімін бекіту;
  4. «Нұрбанк» АҚ-ның Жарғысына корпоративтік хатшы жайлы өзгертулер мен толықтырулар енгізуді бекіту;
  5. Банктік конгломерат бойынша корпоративтік басқару Кодексін бекіту;
  6. «Нұрбанк» АҚ-ы Директорлар кеңесінің құрамын өзгерту.


Бірінші жиналыста жиналым болмаған жағдайда, акционерлердің қайталама жалпы жиналысы 2008 жылғы 08 қыркүйекте көрсетілген мекен-жайда сол уақытта өткізіледі. Жалпы жиналыс өткізу мәселелері бойынша, сондай-ақ күн тәртібіндегі мәселелер бойынша қажетті ақпаратты (материалдарды) Алматы қ., Достық д-лы, 38 мекен-жайында орналасқан «Кең Дала» бизнес-орталығы ғимаратындағы «Нұрбанк» АҚ-тың офисіне хабарласып алуға болады, тел. 2599-710 (Корпоративтік хатшы — 5621).

30.07.2008