«Нұрбанк» акционерлік қоғамының жылдық жалпы акционерлер жиналысын шақыру туралы хабарландыру

«Нұрбанк» акционерлік қоғамының жылдық жалпы акционерлер жиналысын шақыру туралы хабарландыру

«Нұрбанк» акционерлік қоғамы, (мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәлік № 3868-1900-АО, 2004 жылғы 9 қараша), мекен-жайы: Алматы қаласы, Желтоксан көшесі 168 «Б», «Нұрбанк» АҚ Директорлар кеңесінің 2008 жылғы 25 ақпандағы шешіміне сәйкес, Сізге Банктің жылдық жалпы акционерлер жиналысын шақыру туралы хабарлайды. Жиналыс 2008 жылғы 28 наурызда, сағат 10:00-де Алматы қаласы, Достық даңғылы, 38 мекен-жайында орналасқан «Кен Дала» бизнес-орталығының ғимаратында өткізілетін болады, акционерлерді тіркеу сағат 09:00-де басталады.

Акционерлер жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2008 жылғы 24 наурыздағы жағдай бойынша жасалады.

Күн тәртібі:

1. 2007 ж. 25 мамырдағы «Нұрбанк» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібіндегі «Қоғамның және банктік конгломераттың 2007 ж. аудит ұйымын анықтау» мәселесіне өзгерістер енгізу.

2. «Нұрбанк» АҚ-ның 2007 ж. қорытындысы бойынша жылдық қаржылық есептілігін бекіту.

3. 2007 ж. «Нұрбанк» АҚ-ның таза табысын бөлу тәртібін бекіту, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау және 2007 ж. қорытындысы бойынша «Нұрбанк» АҚ-ның бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшерін бекіту.

4. Акционерлердің «Нұрбанк» АҚ-ның, оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне қатысты өтініштері және олардың қаралу нәтижелері.

5. «Нұрбанк» АҚ Директорлар кеңесінің және Басқармасының мүшелеріне сыйақы мөлшері және құрамы туралы.

6. Директорлар кеңесінің Ережесін бекіту. Алғашқы жиналыста кворум болмаған жағдайда, акционерлердің қайталау жалпы жиналысы келесі күні, яғни, 2008 жылғы 31 наурызда, сол уақытта жоғарыда аталған мекенжайда өтеді. Жалпы жиналысты өткізу мәселелері бойынша, сондай-ақ күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты қажетті ақпаратты (материалдарды) алу үшін «Нұрбанк» акционерлік қоғамының кеңсесіне, Алматы қаласы, Достық даңғылы, 38, «Кен Дала» бизнес-орталығының ғимараты мекен-жайы бойынша хабарласуға болады, тел.: 2500-000.

25.02.2008