Moody's Investors Service, жетекші халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірі, Нурбанктың ағымдағы рейтингтерін растайтын есепті таратты:
Moody's соңғы есебінде келтірілген негіздемеде Нурбанктың негізгі көрсеткіштері (2002 жылдан 2006 жылға дейінгі кезең) мысалы, өзіндік капитал мөлшері, банктің жарғылық капиталының өсуі, активтер сапасы және т.б. салыстырылады. Moody's агенттігінің талдаушыларының пікірінше, банктің қаржылық тұрақтылық рейтингі банктің қазіргі тұрақты жағдайын, корпоративтік басқару саласындағы жақсартуларды, тиімділіктің артуын және 2007 жылдың бірінші жартыжылдығында кірістіліктің көбеюін, сондай-ақ Банктің жеткілікті капитализациясын көрсетеді.
Есепте Нурбанктың белгілі бренді, Қазақстанның негізгі өңірлеріндегі қатысуы, сонымен қатар дамыған IT-құрылымы банктің нарықтағы позициясын нығайтуға және бөлшек сауда мен шағын және орта бизнес сегменттеріндегі белсенді жұмысқа арналған стратегияны жүзеге асыруға мүмкіндігі бар екені де атап өтіледі.
Moody's талдаушылары Нурбанктың корпоративтік басқаруда және банктің акционерлер құрылымының ашықтығын арттыруда прогресс көрсетіп жатқанын да маңызды деп санайды. Қазіргі уақытта Нурбанктың ірі қатысушылары ретінде Дариға Назарбаева мен Нуралы Әлиев саналатынын, олардың тікелей банктің акцияларының шамамен 50%-ы бақылайтынын еске саламыз. Сонымен қатар, Нуралы Әлиев Нурбанктың Директорлар кеңесін басқарады.
Ең ірі халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірі арқылы рейтингтердің расталуы Нурбанктың қаржылық институт ретінде тұрақтылығы мен сенімділігін куәландырады, сондай-ақ Банктің атқарып жатқан шараларына: капитализацияны арттыру, басқару команданы нығайту, корпоративтік басқару мен ашықтық саласында прогрессивті алға жылжу екеніне олардың сенімін көрсетеді.
«Нурбанк» АҚ Қазақстандағы ең ірі он банктің қатарына кіреді. 2008 жылдың 1 қаңтарында банктің өзіндік капиталы 45 471 335 мың теңге, оның ішінде жарғылық капитал — 27 097 267 мың теңге. Банктің активтері 204 040 360 мың теңге, таза пайдасы — 3 030 166 мың теңге құрады.