Алматыда «Жетысу» әмбебап банк қызметі орталығы ашылды

Алматыда «Жетысу» әмбебап банк қызметі орталығы ашылды

Алматыда «MAGNUM Cash&Carry» Сауда орталығында жаңа қосымша ғимараттың ашылуы өтті — «Жетысу» әмбебап банк қызметі орталығы. УБҚО «Жетысу» 250-ден астам шаршы метр аумағы бар 1-санатты қосымша ғимарат болып табылады. Оның артықшылықтары — ыңғайлы орналасуы, жайлылығы және маңыздысы — автотұрақтың болуы. УБҚО «Жетысу» заманауи, функционалды және техникалық талаптарға сай келеді. Әмбебап банк қызметі орталығының қызметкерлері сапалы қызмет көрсету мен банк қызметтерін ұсынуды қамтамасыз етеді.

УБҚО «Жетысу» банктік қызметтердің келесі спектрін ұсынады:

  • депозиттерді қабылдау;
  • жеке және заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу;
  • кассалық операциялар;
  • ақша аударымдары (Western Union);
  • банктік қарыз операциялары (несие беру);
  • айырбастау операциялары;
  • төлем карталарын шығару және қызмет көрсету.

«Жетысу» әмбебап банк қызметі орталығының мекенжайы:
Алматы қаласы, Жетысу-3 ықшам ауданы, № 1-г үй.
Телефондар: +7 /727/ 269-27-26; +7 /727/ 269-27-28; +7 /727/ 269-27-29

21.12.2007