АҚ «Нұрбанк» жəне DMU Kazakhstan: қазіргі жағдайдағы қаржылық мəдениет

АҚ «Нұрбанк» жəне DMU Kazakhstan: қазіргі жағдайдағы қаржылық мəдениет

АҚ «Нұрбанк» жəне Де Монтфорт Қазақстан Университеті (DMU Kazakhstan) өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Тараптардың бірлескен қызметі ынтымақтастық қатынастар орнатуға, ұзақ мерзімді жəне өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуды, ғылыми–қаржылық қызмет бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыруға, қаржы-банк саласында жоғары білікті кадрлар дайындауға бағытталатын болады.

Биыл Нұрбанкке 30 жыл толады. Өз іс-қызметі барысында Нұрбанк тұрақты даму қағидаларына сүйенеді, соның ішінде түрлі білім беру жобаларын қолдайды. Бұл салада өз жолын жалғастырғысы келетін студенттерге арналған бағдарламалар туралы айтып отырмыз, - деп түсініктеме берді құжатқа қол қойылғаннан кейін банк Басқарма Төрайымы Гульнара Мусатаева, – біз қаржылық операцияларды цифрлау бойынша жаңа шешімдерді іздеуге мүдделіміз жəне жас әрі батыл кадрларға мұқтажбыз.

DMU Kazakhstan базасында банк саласындағы кадрлардың біліктілігін арттыруға арналған білім беру бағдарламаларын, банк қызметкерлеріне арналған тренингтерді, семинарларды жетекші шетелдік оқу орындары мен ғылыми орталықтардың оқытушыларын тарта отырып өткізу жоспарлануда. Ал DMU Kazakhstan студенттері АҚ «Нұрбанк» базасында тәжірибе өте алатын болады.

DMUK ең алдымен мансапқа бағытталған университет болып табылады, ол бизнес, IT жəне креативті индустриялар саласында сапалы білім береді. Біздің əріптестігіп студенттердің тек теориялық білім алып қана қоймай, сондай-ақ банк-alық-қаржылық салада практикалық дағдылар мен тəжірибе алуына септігін тигізеді. Өз кезегінде университетпен өзара əрекеттесу банкке өз болашақ кадрларын байқап, оларды негізгі кеңсе мен АҚ «Нұрбанк» аймақтық филиалдарының құрылымдық бөлімшелеріне жұмысқа орналастыру мүмкіндігіне ие болуына əсер етеді, — DMU Kazakhstan ректоры Джеймс Паундэр атап өтті.

05.03.2022