Акцияны өткізу ережелері.
1. Акцияны өткізу туралы жалпы шарттар:
1.1. Акция өткізу аумағы – «Нұрбанк» АҚ (әрі қарай – Банк) филиалдары мен банктік қызмет көрсету орталықтары орналасқан Қазақстан Республикасының қалалары.
1.2. Акция өткізу мерзімі: 2022 жылғы 1 ақпаннан 2022 жылғы 30 сәуірге дейін, қоса алғанда.
1.3. Акция 2 бөлімнен тұрады: - Акция өткізу кезеңінде «NUR24» интернет-банкингтің барлық пайдаланушылары үшін белгілі операторлардың пайдасына (Қосымша 1) сәтті төлем сомасының 5% мөлшерінде кэшбэк есептеу (1000 теңге және одан жоғары). - Ай сайынғы ұтыс ойындарын өткізу белгілі операторлардың пайдасына (Қосымша 1) сәтті төлем сомасының 100% мөлшерінде кэшбэк есептеу үшін (1000 теңге және одан жоғары)
2. Акция қатысушылары (әрі қарай — «Қатысушылар»):
2.1. Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын жеке тұлғалар, Банкпен ерекше қатынастағы тұлғаларды қоспағанда, Акцияның қолданыс мерзімінде «NUR24» интернет-банкингте төлем карточка шоттарынан төлемдер жүргізетін интернет-банкинг «NUR24» пайдаланушылары.
3. Жүлделердің ұтыс ойнатылуын анықтау:
3.1. Акция аясында әрбір есепті кезеңнің соңында 3 (үш) жүлде ұтысы жоспарланған:- бірінші есепті кезең: 2022 жылғы 01 ақпан – 2022 жылғы 28 ақпан- екінші есепті кезең: 2022 жылғы 01 наурыз – 2022 жылғы 31 наурыз- үшінші есепті кезең: 2022 жылғы 01 сәуір – 2022 жылғы 31 сәуір
3.2. Ұтыс қоры: Жүлде – «NUR24» интернет-банкингте есепті кезеңде жеңімпаздың жасаған төлем сомасының 100% мөлшерінде ақшалай сыйақы (бірақ 30 000 теңгеден аспайды), төлемнің ең төменгі сомасы 1 000 (бір мың) теңге. Бір ұтыста ойнатылатын жүлделер саны – 20.
3.3. Ұтыс жеңімпаздарын анықтау үшін Банк п. 1.2. Шарттың талабына сәйкес есепті кезеңде операторларға жасалған төлемдер тізімін жасайды.
3.4. Ұтыстар есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-не дейін өткізіледі.
3.5. Ұтыс жеңімпазы кездейсоқ сандар генераторының көмегімен Банк сайтында https://www.random.org таңдау ауқымында жүргізіледі, ол есепті кезеңде қатысушылардың операторларға жасаған төлемдер санымен теңестіріледі. Кездейсоқ сандар генераторы арқылы тең ойластырылған санмен сәйкес келген қатысушы жеңімпаз болып табылады. Ұтыс нәтижелері Банк интернет-ресурсында www.nurbank.kz жарияланады.
3.6. Қосымша 1 сәйкес операторлардың тізіміне кірмейтін операторлардың пайдасына жасалған төлемдер ұтыста қатыспайды.
3.7. Қатысушы осы акцияның барысында бір рет қана жеңімпаз бола алады.
3.8. Кэшбэк сомасын төлеу ақшаны Акция жеңімпаздарының төлем карточкаларының шоттарына аудару арқылы жүзеге асырылады.
3.9. Ұтыс ойын трансляциялары Банктің Instagram әлеуметтік желісіндегі аккаунты арқылы тікелей эфирде өткізіліп көрсетіледі.
4.0. Келесі ұтысқа қатысу мүмкін болмайды.
4.1. Жүлде қолма-қол ақшамен берілмейді, тауарға ауыстырылуы мүмкін емес.
4. Жеке деректер:
4.1. Осы ережелерге сәйкес акцияға қатысу фактісі Акция қатысушысы үшін осы ережелермен келісімнің, сондай-ақ Банктің акцияны өткізу мақсатында қажетті кез келген тәсілдермен жеке деректерді өңдеу үшін белгісі болып табылады.
5. Қосымша
5.1. Осы ережелермен қаралмаған барлық мәселелер бойынша Банк және Акция қатысушылары Қазақстан Республикасының заңнамасына сүйенеді.5.2. Акция туралы ақпарат мынадай тәсілдермен таратылады:- Банктің интернет-ресурсында www.nurbank.kz- Банктің ресми әлеуметтік желілердегі аккаунттарында- Instagram және Facebook әлеуметтік желілеріндегі жарнама, Google және Yandex, Youtube желілерінде.