«Нурбанк» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының 2025 жылғы 29 мамырда өтетіні туралы хабарлаймыз.
2025 жылғы 25 сәуірде «Нурбанк» АҚ Директорлар кеңесінің шешімі қабылданды:«Нұрбанк» АҚ акционерлерінің кезекті жылдық жалпы жиналысы шақырылсын және 2025 жылдың 29 мамырында Алматы уақыты бойынша сағат 10.00-де Алматы қ., Абай даңғылы, 10 «В» мекенжайында орналасқан «Нұрбанк» АҚ-ның ғимаратында өткізілсін. 2025 жылдың 29 мамырындағы «Нұрбанк» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысында кворум болмаған жағдайда, «Нұрбанк» АҚ акционерлерінің қайта жылдық жалпы жиналысы 2025 жылдың 30 мамырында Алматы уақыты бойынша сағат 10.00-де жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша өткізілсін.
«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабының 1-тармағына және «Нұрбанк» АҚ Жарғысының 20-бабының 7-тармағына сәйкес «Нұрбанк» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының келесі күн тәртібі қалыптастырылсын:
1) «Нұрбанк» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту туралы.
2) «Нұрбанк» АҚ-ның 2024 жылғы шоғырландырылмаған (жеке) аудиттелген жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы.
3) «Нұрбанк» АҚ-ның 2024 жылғы шоғырландырылған аудиттелген жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы.
4) «Нұрбанк» АҚ-ның 2024 жылғы таза кірісін бөлу тәртібін бекіту, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы және «Нұрбанк» АҚ-ның 2024 жылғы бір жай акциясына шаққандағы дивидендтердің мөлшері туралы шешім қабылдау.
5) «Нұрбанк» АҚ акционерлеріне 2024 жылдағы «Нұрбанк» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелері мен Басқарма мүшелеріне сыйақы беру мөлшері мен құрамы туралы хабарлау.
6) «Нұрбанк» АҚ-ның, оның лауазымды тұлғаларының 2024 жылдағы іс-әрекеттеріне акционерлердің мәлімдемелері және оларды қарау қорытындылары туралы.
7) «Нұрбанк» АҚ Директорлар кеңесі туралы ережені бекіту туралы.
8) «Нұрбанк» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесіне – тәуелсіз директорға сыйақы мөлшерін өзгерту туралы.
9) «Нұрбанк» АҚ Директорлар кеңесінің қызметін бағалау өлшемдерін бекіту туралы.