«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабының 4-тармағына сәйкес, «Нұрбанк» АҚ Директорлар кеңесінің бастамасымен «Нұрбанк» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібі келесі сұрақпен толықтырылсын: «10) «Нұрбанк» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі А.В. Наумовтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату және кететін мүшенің орнына «Нұрбанк» АҚ Директорлар кеңесінің жаңа мүшесін сайлау туралы.»