Ағымдағы банктік шоттарды жабу туралы хабарлама

Ағымдағы банктік шоттарды жабу туралы хабарлама

«Нұрбанк» АҚ-да ағымдағы банктік шоттары бар, құрметті клиент-жеке тұлғалар!

«Нұрбанк» АҚ (бұдан әрі – Банк) «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 29-бабының 1-тармағына сәйкес Банк:

1) клиенттің банктік шотында бір жылдан астам ақша болмаған;

2) клиенттің банктік шотында (жинақ шотын, мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді немесе мемлекеттік бюджеттен және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақыларды, сондай-ақ алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаны) есепке жатқызуға арналған шоттарды қоспағанда) бір жылдан астам ақша қозғалысы болмаған;

3) Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерімен жасалған шартта көзделген жағдайларда ағымдағы банк шотын жабуға құқылы екенін хабарлайды.

Заңның 6-тармағына сәйкес, егер банктік ағымдағы шот келісімшартында өзгеше тәртіп көзделмеген болса, Банк ағымдағы банк шотын жабу туралы тиісті хабарламаны банкте бар мекенжай бойынша электрондық түрде немесе оның алынғаны туралы хабарламамен пошта арқылы жібереді.

 «Нұрбанк» АҚ-да жеке тұлғаның банктік ағымдағы және (немесе) жинақ шоты туралы келісімшартының (қосылу келісімшарты) (бұдан әрі – Келісімшарт) 5.13-тармағының 5.13.6-тармақшасына сәйкес, егер Шотта 1 (бір) жылдан астам уақыт бойы ақша болмаса, Банк Клиентке хабарланған күннен бастап 3 (үш) айдан кейін, оның ішінде Банктің интернет-ресурсында тиісті хабарлама жариялау арқылы (Клиентке жеке хабарламасыз) Шотты жабады.

 Жоғарыда айтылғандарды назарға ала отырып, Банк ақша қалдығы 0 (нөл) теңгені құрайтын ағымдағы банктік шоттарының жабылуы (Келісімшарттың бұзылуы) туралы хабарлайды.   

 Сондай-ақ, егер бір жылдан астам уақыт бойы қаражат қозғалысы болмаған ағымдағы банк шотында ақша болса, Банк мұндай шотты жүргізу үшін Банк тарифтеріне сәйкес комиссия алатынын хабарлаймыз. Банк комиссиясы есептен шығарылғаннан кейін ағымдағы банк шотында ақша болмаса, шот Келісімшарттың 5.13-тармағының 5.13.3-тармақшасында көрсетілген шарттарға сәйкес жабылады.

25.06.2026