«Золотая Корона» жүйесі бойынша операциялардың уақытша тоқтатылды

«Золотая Корона» жүйесі бойынша операциялардың уақытша тоқтатылды

Құрметті клиенттер!

«Нұрбанк» АҚ «Золотая Корона» ақша аудару жүйесінде, ақшалай аударымдарды жіберуді және төлеуді қоса, барлық операцияларды жүргізуді уақытша тоқтата тұратынын хабарлайды.

Ақша аударымдарын жоспарлау кезінде аталған шектеуді ескерулеріңізді және алдын ала қолжетімді баламалы ақша аудару жүйелерін пайдалануларыңызды сұраймыз. Атап айтқанда:

  • RIA
  • UPT
  • Western Union
  • MoneyGram
  • Kwikpay
  • ТМД елдеріне ақша аударымдары

Аталған жүйе бойынша операцияларды жүргізу қайта басталған жағдайда, бұл туралы Банктің ресми сайтында және өзге де қолжетімді ақпараттандыру арналары арқылы қосымша хабарланатын болады.

Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз және туындауы мүмкін қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

24.07.2026