Құрметті клиенттер!
«Нұрбанк» АҚ (бұдан әрі – Банк) Сіздердің назарларыңызға Қазақстан Республикасы заңнамасына (Қазақстан Республикасы «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Заңының 29-бабының 1 және 4-тармақтары) сәйкес, клиенттің банк шотында бір жылдан астам уақыт ақша болмаған, сондай-ақ клиенттің банк шотында бір жылдан астам уақыт бойы ақша қозғалысы болмаған жағдайда (ақша жинақ шотын, жәрдемақыларды, мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді немесе мемлекеттік бюджеттен және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақыларды есепке жатқызуға арналған шоттарды, сондай-ақ алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке қабілетсіз кәмелетке толған балаларды асырауға арналған ақшаны) есепке жатқызуға арналған шоттарды қоспағанда), Банктің банктік шоты келісімшартының немесе банктік салым келісімшартының орындалуынан бас тартуға құқығы бар екенін хабарлайды.
Осыған байланысты, Банк Сіздерді Банк интернет-ресурсында осы хабарлама орналастырылған күннен бастап үш ай өткен соң, «Нұрбанк» АҚ-та жеке тұлғаның банктік ағымдағы және (немесе) ақша жинақ шоты бойынша қосылу келісімшартының 5.13.6-тармағына сәйкес, Клиентке дербес хабарлама жіберілместен, бір жылдан астам уақыт бойы шотта ақша болмаған және шот бойынша ақша қозғалысы жүзеге асырылмаған ақша жинақ шоттарының жабылатыны және тиісті келісімшарттардың бұзылатыны туралы хабардар