2026 жылғы 26 қыркүйекте сағат 01:30-дан 05:00-ге дейін жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймыз.
Техникалық жұмыстар жүргізілген кезеңде келесі операциялар бойынша уақытша шектеулер болуы мүмкін:
· Қазақстан Республикасының басқа екінші деңгейдегі банктерінің карталары бойынша «Нұрбанк» АҚ желісінде — Банктің банкоматтары мен POS-терминалдарында жүргізілетін операциялар;
· Нұрбанк карталары бойынша Қазақстан Республикасының басқа екінші деңгейдегі банктерінің желілерінде жүргізілетін операциялар, оның ішінде қолма-қол ақша алу және тауарлар мен қызметтерге ақы төлеу;
· ақша қаражатын есепке жатқызу бойынша жекелеген операциялар.
Техникалық жұмыстар келесі операцияларға әсер етпейді:
· Нұрбанк карталары бойынша Банктің өз желісінде — Нұрбанктің банкоматтары мен POS-терминалдарында жүргізілетін операциялар;
· картадан картаға аударымдар;
· Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде Нұрбанк карталары бойынша жүргізілетін операциялар.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс айтамыз.