2026 жылдың 23 қазанында карточкалық операцияларға уақытша шектеулер енгізіледі

2026 жылдың 23 қазанында карточкалық операцияларға уақытша шектеулер енгізіледі

Құрметті клиенттер!

Төлемдеріңіз бен аударымдарыңыздың ыңғайлы, сенімді әрі қауіпсіз болуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмысымызды жалғастырамыз.

23 қазанда сағат 01:00-ден 04:00-ге дейін жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізіледі. Осы уақыт аралығында төмендегі операциялар уақытша қолжетімсіз болады:

  • төлем карталары арқылы тауарлар мен қызметтерге ақы төлеу;

  • қолма-қол ақша алу және шотты толықтыру;

  • төлем карталары арқылы ақша аударымдарын жасау;

  • банкоматтар мен POS-терминалдар арқылы операциялар жүргізу;

  • төлем карталарына қатысты басқа да операциялар.

23 қазанда сағат 04:00-ден бастап барлық карточкалық операциялар әдеттегі режимде қолжетімді болады.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз.

20.10.2026