Нұрбанктің цифрлық сервистерінің тұрақты әрі сенімді жұмысын қамтамасыз ету мақсатында жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізіледі.
2026 жылдың 14 қарашасы сағат 18:00-ден 15 қарашасы сағат 13:00-ге дейін жеке тұлғаларға арналған Nur24.kz мобильді қосымшасы және заңды тұлғаларға арналған Nur Business интернет-банкингі уақытша қолжетімсіз болады.
Бұл ретте Нұрбанк карталары әдеттегі режимде жұмысын жалғастырады. Сіз:
банкоматтардан қолма-қол ақша ала аласыз;
POS-терминалдар арқылы сатып алуларға ақы төлей аласыз;
интернетте тауарлар мен қызметтер үшін картамен төлем жасай аласыз.
Маңызды төлемдер мен ақша аударымдарын алдын ала орындауыңызды сұраймыз.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.
Сұрақтарыңыз болса, бізбен байланысыңыз:
📞 2552 — мобильді телефондардан қоңырау шалу тегін
📞 +7 (727) 244 44 44 — Қазақстанда және шетелде тәулік бойы
💬 +7 (707) 000 25 52 — WhatsApp, тәулік бойы