«Кредиттік демалыс» акциясы – 2 ай төлемсіз

«Кредиттік демалыс» акциясы – 2 ай төлемсіз

Нұрбанктегі кредиттеріңізді қайта қаржыландырып, алғашқы екі айлық төлемді кейінге қалдырыңыз.

Біз қаржылық жүктемені азайтып, маңызды сатып алулар мен жоспарларға қаражат үнемдеуге көмектесетін «Кредиттік демалыс» акциясын іске қостық.

2026 жылғы 19 қарашадан 2027 жылғы 19 ақпанға дейін басқа банктердегі кредиттеріңізді Нұрбанкке қайта қаржыландырып, алғашқы 2 айдағы төлемдерді кейінге қалдыру мүмкіндігін пайдаланыңыз.

Бұл ұсыныстың артықшылықтары қандай?

  • 2 ай төлемсіз – жаңа кредит бойынша алғашқы екі айда ай сайынғы төлемдерді төлеудің қажеті жоқ.
  • Бірнеше кредитті бір кредитке біріктіру – әртүрлі банктердегі кредиттеріңізді біріктіріп, бір ғана ай сайынғы төлемді төлейсіз.
  • Қосымша қаражат – Банк мақұлдаған жағдайда, кез келген мақсатыңызға қосымша ақша ала аласыз.

Акцияны қалай пайдалануға болады?

  1. Акция өткізу кезеңінде Нұрбанктің кез келген бөлімшесіне жүгініңіз.
  2. Басқа банктердегі кредиттерді қайта қаржыландыруға өтінім беріңіз.
  3. Банк мақұлдағаннан кейін шартқа қол қойып, алғашқы екі айлық төлем кейінге қалдырылған өтеу кестесін алыңыз.

Алғашқы 2 ай – төлемсіз, үшінші айдан бастап – бекітілген кестеге сәйкес төлем жасаңыз.

Төлем кейінге қалдырылған кезеңде кредит бойынша сыйақы есептеле береді. Кейінге қалдырылған төлем сомалары қарыздың қалған мерзіміне бөлінеді.

Акцияға Қазақстан Республикасының 21 жастан асқан азаматтары қатыса алады.

2027 жылдың 19 ақпанына дейін ұсынысты пайдаланып үлгеріңіз — кеңес алу үшін өтінім қалдырыңыз.

20.11.2026