Қазақстанның кейбір өңірлерінде биыл жойқын су тасқыны болды. Бұл уақытта, әлеуметтік жауапкершілігі бар бизнес өкілдері, оның ішінде «Нұрбанк» АҚ, су тасқынының салдарын жоюда белсенді көмектесуде. Аударылған қаражаттар су тасқынан зардап шеккен аймақтардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталады.
«Нұрбанк» АҚ әрқашан қайырымдылық және әлеуметтік бағытталған бастамаларға ашық. Республика үшін қиын уақытта біз бейтарап бола алмаймыз. «Нұрбанк» АҚ басшылығы бизнес өкілдерімен, қамқор азаматтармен, қор өкілдермен, сондай-ақ су тасқынан зардап шеккен аймақтар әкімшілігінің өкілдермен күш біріктіре отырып, өз азаматтарымызды қолдауға және олардың қиын өмірлік жағдайын жеңуге көмектесе алатынына сенімді», - деп түсініктеме берді «Нұрбанк» АҚ Басқарма Төрағасы Гүлнара Мусатаева.
Қазақстан қаржылық қызметтер мен өнімдер нарығында 30 жылдан астам уақыт бойы қызмет етіп келе жатқан Нұрбанк әлеуметтік бағдарланған бизнес құрады. Осы уақыт ішінде аймақтық және республикалық ауқымдағы үлкен жобалар жүзеге асырылды. Банктің әлеуметтік ұстанымының ажырамас және маңызды бөлімі — қайырымдылық және демеушілік қызмет.