Құрметті клиенттер!
«Нұрбанк» АҚ «Қазақтелеком» АҚ ДҚО-нда желі инфрақұрылымын жаңғырту бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілетінін хабарлайды, мекенжайы: Алматы қ., Панфилов көш., 129
2021 жылғы 20 маусымда Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 00:00 бастап 07:00 дейін Интернет-банкинг жүйелеріне және төлем жүйелері қызметтеріне қол жеткізудің үзілуі, банкоматтарда (АТМ) және төлем терминалдарында (POS) байланыс болмауы мүмкін.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқаныңыз үшін сенім білдіреміз.