Директорлар кеңесінің шешімімен «Нұрбанк» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып Гүлнар Мұсатаева тағайындалды, деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Гүлнар Мұсатаева Қарағанды мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
2011 жылғы мамыр айынан бастап Г. Мұсатаева «Нұрбанк» АҚ-ның басқарушы директоры қызметін атқарды.
Әр жылдары ол Қазақстанның Ұлттық банкі, ҚР қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінде, сонымен қатар Халық Банкте жұмыс істеді.