«Нурбанк» АҚ жаңа ақпараттық жүйеге көшуде

«Нурбанк» АҚ жаңа ақпараттық жүйеге көшуде

Құрметті «Нурбанк» АҚ клиенттері!

Сіздерге 2020 жылғы 31 қазаннан 1 қарашаға дейін Банк жаңа ақпараттық жүйеге өтетінін хабарлаймыз. Осыған байланысты Банктің бөлімшелері мен филиалдары және төлем терминалдары жұмыс жасамайды.

2020 жылғы 30 қазанда Банктің бөлімшелерінің жұмыс уақыты - 13:00 дейін.

Келтірілген ақпаратты ескеріп, Банкке баруыңызды және есептік-кассалық операцияларды жоспарлағанда ескерулеріңізді сұраймыз.

Сондай-ақ кейбір банк операциялары қолжетімсіз болады:

1) Заңды тұлғаларға арналған Интернет-банкингте қызметкерлердің карточкалық есепшоттарына жалақы аудару операциялары 2020 жылғы 29 қазаннан сағат 18:00-ден 2020 жылғы 2 қараша сағат 09:00-ге дейін Алматы уақыты бойынша қолжетімсіз болады.

Жалақы аударымдарын 2020 жылғы 29 қазанға дейін жүзеге асыруыңызды сұраймыз.

2) Заңды тұлғаларға арналған Интернет-банкингте бизнес карталарды толықтыру операциялары 2020 жылғы 29 қазаннан сағат 19:00-ден 2020 жылғы 2 қараша сағат 09:00-ге дейін Алматы уақыты бойынша қолжетімсіз болады.

Бизнес карталарды толтыруды 2020 жылғы 29 қазанға дейін жүзеге асыруыңызды сұраймыз Алматы уақыты бойынша.

3) Жеке тұлғаларға арналған Интернет-банкинг 2020 жылғы 29 қазаннан сағат 19:00-ден 2020 жылғы 2 қараша сағат 09:00-ге дейін Алматы уақыты бойынша қолжетімсіз болады.

Барлық қажетті операцияларды алдын-ала орындауыңызды сұраймыз.

4) Депозиттік машинаның функциялары 2020 жылғы 30 қазан сағат 20:00-ден 2020 жылғы 2 қараша сағат 09:00-ге дейін Алматы уақыты бойынша қолжетімсіз болады.

5) Банктің төлем терминалдарында карточкалық есепшоттарға толықтыру функциялары 2020 жылғы 29 қазан сағат 18:00-ден 2020 жылғы 2 қараша сағат 09:00-ге дейін Алматы уақыты бойынша қолжетімсіз болады.

Төлем терминалдары 2020 жылғы 30 қазан сағат 20:00-ден 2020 жылғы 2 қараша сағат 09:00-ге дейін Алматы уақыты бойынша толық қолжетімсіз болады

6) 2020 жылы 2 қарашада сағат 00:00-ден 07:00-ге дейін барлық банк карталарын пайдалану операциялары, сондай-ақ банкоматтар мен POS-терминалдардағы операциялар қолжетімсіз болады.

7) Nurpay.kz сайтында жеке дизайнмен карточкаларды шығару 2020 жылғы 26 қазан сағат 09:00-ден 2020 жылғы 2 қараша сағат 09:00-ге дейін Алматы уақыты бойынша қолжетімсіз болады.

8) Nurpay.kz сайтында Р2А (карточкадан ағымдағы/жинақ шоттарға аудару) операциялары 2020 жылғы 30 қазан сағат 22:00-ден 2020 жылғы 2 қараша сағат 09:00-ге дейін Алматы уақыты бойынша қолжетімсіз болады.

9) Nurpay.kz сайтында Р2Р (карточкадан карточкаға аудару) операциялары 2020 жылы 2 қарашада сағат 00:00-ден 07:00-ге дейін Алматы уақыты бойынша қолжетімсіз болады.  

Уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз және түсіністікпен қарауларыңызға үміттенеміз.

30.10.2020