Жеке және заңды тұлғаларды қашықтықтан қызмет көрсетуге арналған «Стандартты тарифтерге» өзгерістер енгізу

Жеке және заңды тұлғаларды қашықтықтан қызмет көрсетуге арналған «Стандартты тарифтерге» өзгерістер енгізу

Құрметті клиенттер!

Сіздерді 2020 жылдың 2 қарашасынан бастап төмендегілерге өзгерістер енгізілетіні туралы хабардар етеміз:

1. «Жеке тұлғаларды қашықтықтан қызмет көрсетуге арналған стандартты тарифтер»:

11-бөлім. «Банк есепшотын ашпай-ақ ұлттық және шетел валюталарындағы төлемдер мен аударымдар (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша)****», атап айтқанда 11.4.4 және 11.4.6 тармақшалары

2. «Заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін, жеке кәсіпкерлерді, фермерлік қожалықтарды, жеке сот орындаушыларын, жеке нотариустар мен адвокаттарды және кәсіби медиаторларды қашықтықтан қызмет көрсетуге арналған стандартты тарифтер»:

10-бөлім. «Банк есепшотын ашпай-ақ ұлттық валютадағы төлемдер», атап айтқанда 10.1.1. және 10.1.2. тармақшалары 

Толығырақ ақпаратты өздеріңізге қызмет көрсететін Банктің өкіліне немесе Байланыс орталығына келесі телефондар арқылы хабарласып біле аласыздар:

2552 – Kcell, Altel 4G, Tele2, Beeline, Activ операторлары үшін тегін 

+7 (727) 250-00-00, 244-44-44

WhatsApp+ 7 707 000 25 52

21.10.2020