VISA төлем карталарының иегерлеріне арналған хабарландыру

VISA төлем карталарының иегерлеріне арналған хабарландыру

Құрметті клиенттер!

2020 жылдың 26 тамызынан бастап «Нурбанк» АҚ өз клиенттеріне, VISA төлем карталарының иегерлеріне, интернетте қауіпсіз төлемдер жасауға мүмкіндік беретін жаңа қызмет – 3D Secure технологиясын ұсынады!

3D Secure – ол арнайы пароль арқылы интернет-төлемдерді жүзеге асыру кезінде карточка иесінің тұлғасын анықтайтын озық технология.

Банк клиенттерінен, VISA төлем карталарының иегерлерінен, ұялы телефон нөмірлерін жаңартуды сұраймыз. Ол үшін сізге өз қалаңыздағы кез келген ыңғайлы «Нурбанк» АҚ бөлімшесіне бару қажет.

25.08.2020