Құрметті клиенттер!
Екі ай бойы біз сіздер үшін елдегі төтенше жағдайларда жұмыс істедік.
Қазір шектеулер алынғаннан кейін, Банктің жұмысы қалпына келіп, бұрынғы режимде жұмыс істейді.
Карантин жағдайында біз барлық қажетті банк операцияларын онлайн форматқа ауыстырдық.
Әрине, біз осы бағытта дамуды жалғастырып, Банктің барлық негізгі бизнес процестерін цифрландыруды жалғастырамыз.
Жақын айларда біз жаңа автоматтандырылған банк жүйесін енгізу жобасын аяқтаймыз, бұл біздің процестеріміздің барлық бағыттарда тиімділігін арттырады.
Клиенттерімізге сенім артқаны үшін алғыс айтамыз!
«Нұрбанк» АҚ-ның жоғары капитализациясы мен өтімділігі бізге осы қиын уақытта клиенттеріміз алдында барлық міндеттемелерді орындауды, сондай-ақ кредиттер бойынша кейінге қалдыруды қажет ететіндерге ұсынуды мүмкіндік берді.
Алда үлкен жоспарлар бар және клиенттеріміздің қызмет көрсету деңгейін жаңа, одан да ыңғайлы цифрлық деңгейге көтереміз!
Біздің Банкті таңдағандарыңызға және бізбен бірге қалғандарыңызға алғыс айтамыз!
Құрметпен
Эльдар Сарсенов
Басқарма Төрағасы