«Нурбанк» АҚ жай акцияларын орналастыру туралы хабарлама

«Нурбанк» АҚ жай акцияларын орналастыру туралы хабарлама

«Нурбанк» АҚ (мемлекеттік қайта тіркелу туралы анықтама: № 3868-1900-АО, 2004 жылғы 9 қараша) (әрі қарай - Банк), орналасқан мекен-жайы: А15E2D3, Алматы қ., Абай д-лы, 10 «В», «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР заңнамасының 16-бабына сәйкес, акционерлеріне Банктің орналастырылатын (сатылатын) жай акцияларын (ISIN KZ000A1CTMU5) сатып алу мүмкіндігі туралы, 2020 жылғы 17 наурызда Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде тіркелген шығарылым, өздерінің артықшылықты сатып алу құқығына сәйкес келесі шарттармен хабарлайды:

  1. Орналастырылатын (сатылатын) бағалы қағаздардың саны және түрлері – 877 169 Банктің жай акциялары.
  2. Орналасқан (қоғамның сатып алғанынан шегерілген) жай акциялардың санының орналастырылатын жай акциялар санына қатынасы – 12 (бұдан әрі – коэффициент k). Қолданыстағы акционерлердің артықшылықты сатып алу құқығын жүзеге асыру шеңберінде сатып алуға құқылы акциялар саны, олардың меншік құқығында тіркеу тізілімі қатталған күніне тиесілі жай акциялар санының k коэффициентіне бөлінуі арқылы анықталады. Бөлген кезде бөлшек сан шыққан жағдайда, үтірден кейінгі сандарды ескермей, бүтін сан пайдаланылады.
  3. Орналастырылатын жай акцияларды артықшылықты сатып алу құқығы бар акционерлер тізімі Банктің бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілім жүйесі деректері бойынша 2020 жылғы 17 наурызда, түнгі сағат 00:00-де бекітілген (бұдан әрі – «Тіркеу тізілімін бекіту күні»).
  4. Орналастырылатын жай акцияларды артықшылықты сатып алу құқығына сәйкес акционер өтінімді бере алатын мерзім осы акцияларды орналастыру туралы осы хабарламаны жариялаған күннен бастап 5 жұмыс күнін құрайды, яғни 2020 жылғы 30 наурызға дейін қоса алғанда (бұдан әрі – «Мерзім»).
  5. Орналастыру бағасы – 1 жай акция үшін 6751.38 теңге (бұдан әрі – Орналастыру бағасы). Орналастыру бағасы аталған орналастыру аясында Банктің жай акцияларын сатып алатын барлық тұлғалар үшін бірдей.
  6. Орналастырылатын жай акцияларды сатып алу шарттары – орналастыру Тіркеу тізілімін бекіту күніне Банктің жай акцияларын ұстаушылар – акционерлер арасында, сондай-ақ инвесторлар пайдасына келесі тәртіпте жүзеге асырылады:

(1) қолданыстағы акционерлер Мерзім ішінде Банктің орналастырылатын жай акцияларын сатып алу үшін өтінім бере алады (бұдан әрі – өтінім) өздеріне тиесілі жай акциялар санына пропорционалды түрде Орналастыру бағасымен тең шарттарда.

(2) акцияларды артықшылықты сатып алу құқығы бойынша сатып алу үшін төлем жасауды акционер өтінімді берген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде жүзеге асырады;

(3) келіп түскен өтінімдерді орындауды және артықшылықты сатып алу құқығы бойынша акцияларды акционерлерге беруді Банк акционерлердің төлем жасағанынан кейін жүзеге асырады;

(4) өтінім берген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде акциялар үшін төлем жасалмаған жағдайда, өтінім жарамсыз болып есептеледі;

(5) Мерзімнің аяқталуынан кейін артықшылықты сатып алу құқығын жүзеге асыру арқылы акционерлер арасында орналастырылмаған акциялардың қалдығы 30 күнтізбелік күн ішінде Банктің Орналастыру бағасымен инвесторларға ұсынылады;

(6) инвесторлардың өтінімдері қабылдау кезектілігіне сәйкес қабылданады және қанағаттандырылады.

өтінімді қабылдау күнімен анықталады; бірнеше өтінім бір күнде қабылданған жағдайда, өтінімді қабылдау кезектілігі өтінімді қабылдау уақытымен анықталады.

(7) акцияларды сатып алатын инвесторлар өтінімді берген күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде төлем жасауды жүзеге асырады;

(8) келіп түскен өтінімдерді орындауды және акцияларды инвесторларға беруді Банк инвесторлар төлем жасағаннан кейін жүзеге асырады;

(9) артықшылықты сатып алу құқығы бойынша акционерлер арасында акцияларды орналастыру және инвесторларға акцияларды іске асыру аяқталғаннан кейін, осы шешім аясында орналастыру аяқталды деп есептеледі. Осындай орналастырудың нәтижесінде жай акциялардың бір бөлігі орналастырылмаса, мұндай акцияларды орналастыру туралы шешімді Банк Директорлар кеңесі қосымша қабылдайды;

(10) өтінім беру акционерлер мен инвесторлар Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңның 17-бабындағы талаптарды орындаулары тиіс;

(11) акционерлер мен инвесторлардың өкілдері құжаттарды ұсыну және құжаттарға қол қою кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарына сәйкес өкілеттіліктерін растауы тиіс.

  1. Өтінім беру келесі тәртіпте жүзеге асырылады:

- жай акцияларды ұстаушы акционерлер мен инвесторлар өтінімдерді тікелей Банк атына, А15E2D3, Алматы қ., Абай д-лы, 10 «В», Капиталды басқару бөлімінің бастығы Салкенова Тауиле Казизовнаға, тел. +7 (727) 2-500-000, (ішкі 5692);

- Акцияларды сатып алу үшін өтінім нысандары Банктің корпоративтік сайтында www.nurbank.kz орналастырылған.

Эмиссиялық бағалы қағаздар немесе басқа ақпарат шығару проспектісімен келесі сайттарда танысуға болады: Қаржылық есептілік депозитарийінің және «Қазақстан қор биржасы» АҚ, немесе Банк атына А15E2D3, Алматы қ-сы, Абай д-лы, 10 «В» Жаканбаев Ришат Сельмарович, «Нурбанк» АҚ Басқарма мүшесі – қаржылық директорына, тел. 2500-000, (ішкі 5300) немесе «Нурбанк» АҚ Капиталды басқару бөліміне, Салкенова Тауиле Казизовна, тел. 2500-000 (ішкі 5692) жүгіну.

20.05.2020