Қазақстан Ұлттық Банкі және қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі екінші деңгейлі банктердің сапасын бағалау нәтижелерін ұсынды.
Активтер сапасын бағалау нәтижесіне сәйкес АҚ «Нұрбанк» Қазақстан банк секторын қаржылық тұрақтылығын арттыру бағдарламасына қатысушы болды.
Бағдарламаға қатысу арқылы Банк реттеушінің барлық ұсыныстарын, әсіресе активтер сапасын бағалау (AQR) нәтижелері аясында капиталдандыруды арттыру бойынша, орындауға мүмкіндік алады.
Бағдарлама шарттарына сәйкес АҚ «Нұрбанк» 48,6 млрд теңге сомасына 4% жылдық мөлшерлемемен субординирленген облигациялар шығарады. Банк осы облигацияларды 15 жыл ішінде өтеуге міндеттелді, себебі Бағдарламаның негізгі қағидалары - мемлекеттік қаражаттың құндылығы, мерзімділігі және қайтарымдылығы, банктердің ерікті қатысуы және акционерлердің ортақ жауапкершілігі.
АҚ «Нұрбанк» акционерлері капиталға 20,9 млрд. теңге құя отырып, банкті қолдауды жүзеге асырады, бұл Банктің әрі қарай дамуына және қолдау көрсетілуіне ниеттік кепіл.
Сонымен қатар, банктің капиталдандыру деңгейін қолдау үшін Ұлттық проблемалы кредиттер қорының кепілдігі (20,9 млрд. теңге сомасына) беріледі. Қордың кепілдігі ХҚЕС бойынша әлеуетті тәуекелдерді жабуды қамтамасыз етуші құрал ретінде 5 жыл мерзімге ұсынылады.
АҚ «Нұрбанк» Басқарма Төрағасы Эльдар Сәрсенов былай деді: «AQR нәтижелері бойынша Банк акционерлері қабылдаған шаралармен қатар капитал жеткіліктілігі нормативтерін орындайды. Бағдарламаға қатысумен ұштастырылып бұл шаралар бізге қабылданған консервативті бизнес жүргізу саясатына адал қалып, экономиканың басым секторларын қаржыландыруға бағытты жалғастыруға мүмкіндік береді. Бағдарлама шеңберінде бөлінген қаражат қайтарымды болып табылатынын түсіну маңызды, бұл өсу мен дамуға қосымша ынталандыру. Қазіргі уақытта активтердің сапасын жақсарту, Банктің негізгі бизнес процестерін трансформациялау жұмысы белсенді түрде жүзеге асырылуда».
«Нұрбанк» АҚ баспасөз қызметі
+7 (727) 259 97 10 ішкі нөмір 5465