Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі аясында сыйлықтар ұтысы өткізіледі

Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі аясында сыйлықтар ұтысы өткізіледі

                                                         

Қазанның 1-ден желтоқсанның 1 дейін конкурс өткізіледі

Ең үздік жарияланым үшін ұтыс:

- 2 дана Apple MacBook Air 13 128 GB ноутбугі

Конкурстың мақсаты: AQYL депозитін ашудың артықшылықтарын жан-жақты ашу.

Конкурсқа қатысу шарттары: Конкурсқа қатысу үшін қазанның 1-ден желтоқсанның 1-ге дейінгі аралықта мемлекеттік не/немесе орыс тілдерінде ресми түрде жарияланған түпнұсқа авторлық мақалалар/бейнероликтер қабылданады. Материалды БАҚ-та жариялағаннан кейін, Ұйымдастырушының www.fincenter.kz сайтындағы негізгі бетте жарияланған Қолданба қосымшасына сәйкес қатысушының онлайн өтініш формасын толтыру қажет.

Конкурсқа қатысушылар: мерзімді баспа басылымдарында жарияланған материалдар авторлары; телеарналар эфирінде көрсетілген; сайттар/порталдарға орналастырылған; Facebook әлеуметтік желісінде 8000-нан астам жазылушылармен жеке беттерінде жарияланған.

Жеңімпаздарды анықтау: Жеңімпазды конкурс комиссиясының шешімімен желтоқсанның 3-ден 12-ге дейінгі аралықта анықтайды. Конкурста 2 (екі) номинация анықталады:

1) «ГОНС туралы ең үздік телевизиялық материал».

2) «ГОНС туралы ең үздік мақала/баспа/интернет-баспасөздегі пост».

Әр номинацияда бір жеңімпаз анықталып, Apple MacBook Air 13 алады. Ұтыс процесі басынан аяғына дейін видеоға түсіріліп, Ұйымдастырушының ресми сайтында жарық көреді www.fincenter.kz.

Артықшылығы: Құнды сыйлық жеңіп алыңыз! Ашық депозитке жыл сайын мемлекеттік сыйақы және ай сайын банктің 12%-ке дейінгі мөлшерлемесі есептеледі, сонымен қатар, депозитіңіз тәркілеуден қорғалған және 10 000 000 теңгеге дейінгі мемлекеттік кепілдендірілген.

Шектеулер: Конкурс ұйымдастырушысының қызметкерлері конкурсқа қатыса алмайды.

Өткізу орны: Apple MacBook Air 13 табыстау конкурстың нәтижелері жарияланғаннан кейін, 14 (он төрт) күнтізбелік күннің ішінде «Қаржы орталығы» АҚ кеңсесінде 3-қабат, 305 кабинетте өткізіледі.

Толық ақпарат:   www.fincenter.kz 
                                               @fincenter.kz (facebook)
                                               Student life (vkontakte)
                                               fincenter.kz (instagram)
                                               8 800 080 28 28 (Call - center)

14.09.2018