Standard&Poor’s Нұрбанктың ұлттық рейтингін жоғарылатты және халықаралық рейтингін растады
Халықаралық рейтинг агенттігі Standard&Poor’s Нұрбанктың ұлттық рейтингін «kzB+» -дан «kzBB-» деңгейіне жоғарылатты. Сонымен қатар ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кредиттік рейтингтер B-/B деңгейінде расталды.
«Өткен жылы рейтинг агенттігі Қазақстандағы банктердің көбінің рейтингі нашарлайтынын болжаған болатын. Мұндай жағдайда өз рейтингіңді сақтау үшін нарықтан жақсы болу керек. Біздің консервативті бизнесті жүргізу әдісі бізге Нұрбанктың Қазақстандағы ең тұрақты қаржы институттарының бірі ретіндегі имиджіне сәйкес келуге ғана емес, сонымен қатар біздің өнімдер мен қызмет көрсету аясын дамытуға мүмкіндік береді» - деді «Нұрбанк» АҚ басқарма төрағасы Эльдар Сарсенов.
Бүгінгі күні банктің өтімділік деңгейі жеткілікті және бұл банктің өз міндеттемелерін орындауға, сонымен қатар нақты экономика секторын несиелендіруді жалғастыруға мүмкіндік береді. Депозиттік және несиелік портфельдер теңгерімді жайғастырылған. Нұрбанк берген несиелердің 60,2% ірі бизнеске, тағы 21,9% орта және шағын бизнеске тиесілі. Жеке заемшылар 17,9% құрайды. Бұл ретте мерзімі өткен несиелердің көлемі 6,72%-дан аспайды, бұл нарықтың орташа көрсеткіші – 9,05% -дан айтарлықтай төмен. Клиенттердің депозиттер құрылымында жеке тұлғалардың үлесі - 57,7%, заңды тұлғалардың үлесі - 42,3%, ұлттық компаниялардың қаражаттары - 3,4%.
«Мұндай ақша-несие саясаты бізге тәуекелдерді барынша азайтуға мүмкіндік береді. Біз нарықта лайықты беделі бар және өз міндеттемелерін келісім шартқа сәйкес орындайтын компанияларға несие беруге тырысамыз. Яғни біз бизнес пен халыққа белсенді түрде несие береміз, бірақ заемшылардың түрлерін теңгерімде сақтай отырып, тәуекелдердің өте төмен деңгейде болуына мүмкіндік береміз» - деді Эльдар Сарсенов.
Анықтама:
2018 жылдың бірінші тоқсанындағы негізгі қаржылық көрсеткіштер:
Өткен жылдың I тоқсанымен салыстырғанда таза пайда өсіп, 1,381 млрд теңгені құрады;
Акционерлік капитал өзгеріссіз қалып, 127,6 млрд теңге болды. Банктің өзіндік капиталы 41,9 млрд теңгеден 55,4 млрд теңгеге дейін өсті;
2018 жылғы есептік кезеңде Нұрбанктің активтері ұлғайып, 360,1 млрд теңгені құрады;
Клиенттерге берілген несиелер туралы деректер:
ҚР Ұлттық банкі мәліметтері бойынша, Нұрбанк 2018 жылдың I тоқсанында активтер көлемі бойынша Қазақстанның 32 банкінің ішінде 14-ші орынды иеленді.
«Нұрбанк» АҚ баспасөз қызметі
Байланыс телефоны: 2 599 710 *5465