Нурбанк АҚ филиалы Астана қаласындағы банк қызмет көрсету жаңа Орталығының (бұдан әрі — ЦБО) 1-санатты «Нур-Евразия» ашылуын хабарлайды, мекенжайы: Петрова көшесі, 24, Астана қаласындағы «Евразия - 1» СОО, 3-қабат. Филиал ашылуына арналған салтанатты іс-шара 25.12.2017 ж. Астана филиалы басқармасының, банк клиенттерінің және СОО «Евразия» әкімшілігінің қатысуымен өтті.
«Нур - Евразия» ЦБО заманауи функционалдық және техникалық талаптарға сай. Банк клиенттері жаңа бөлімшеде қызмет көрсетудің артықшылықтарын бағалай алады және банк қызметтерінің толық спектрін пайдалана алады: депозиттер қабылдау, аударымдар жасау, жеке тұлғаларды несиелендіру, айырбас операциялары, кассалық операциялар, коммуналдық төлемдерді қабылдау, әкімшілік айыппұлдарды қабылдау, салық қабылдау, жеке және заңды тұлғалардың ағымдағы шоттарын ашу және жүргізу, сондай-ақ төлем карточкаларын шығару. Біз сапалы қызмет көрсетуді кепілдейміз. «Нур - Евразия» ЦБО-на қош келдіңіздер!
Жұмыс кестесі:
Жеке тұлғалар үшін:
дс.-жм.: 10:00—19:00, үзіліссіз;
сб.: 10:00—14:00, үзіліссіз
Заңды тұлғалар үшін:
дс.-жм.: 10:00—18:00,
үзіліс 13:00—14:00