«Нурбанк» АҚ (бұдан әрі - Банк) Басқармасы құрамындағы өзгерістер туралы 2017 жылғы 30 қазаннан бастап хабарлайды:
1)акционерлік қоғам органын сайлау (тағайындау) немесе өзгерту туралы шешім қабылданған күн, шешім қабылдаған акционерлік қоғам органының атауы — Директорлар кеңесінің 24.10.2017 ж. шешімі;
2)сайланған (тағайындалған) немесе өзгертілген акционерлік қоғам органының атауы — атқарушы орган-Банк Басқармасы;
3)акционерлік қоғам органының құрамындағы өзгерістердің мәні: орган құрамынан шығарылған адамның аты-жөні, орган құрамына сайланған (тағайындалған) адамның аты-жөні — Басқарма Төрағасының орынбасары - Басқарма мүшесі Ахметов Сәкен Қадырұлының өкілеттілігі 27.10.2017 жылы өзінің берген өтініші негізінде мерзімінен бұрын тоқтатылды.
4)акционерлік қоғам органының өзгертілген құрамының әр мүшесінің аты-жөні:
Басқарма Төрағасы — Сәрсенов Елдар Рашитұлы;
Басқарма Төрағасының орынбасары — Басқарма мүшесі — Зайыров Марат Зайырұлы;
Қаржы директоры — Басқарма мүшесі — Жақанбаев Ришат Селмарұлы;
Басқарушы директор — Басқарма мүшесі — Мусатаева Гүлнара Абайқызы;
Басқарушы директор — Басқарма мүшесі — Телегина Ирина Игорқызы.
5)Акционерлік қоғам басқармасына сайланған (тағайындалған) мүшенің дауыс құқы беретін акцияларының жалпы дауыс құқы беретін акциялардың жалпы санына пайыздық қатынасы — қолданылмайды;
6)Еншілес ұйымдардағы акционерлік қоғам басқармасына сайланған (тағайындалған) мүшенің акцияларының (жарғылық капиталдағы үлестері) орналастырылған акциялар (жарғылық капиталдағы үлестері) жалпы санына пайыздық қатынасы — қолданылмайды.