Құрметті «Нұрбанк» АҚ клиенттері!
Жеке тұлғалар үшін Nurbank24 интернет-банкинг жүйесінің дизайн өзгертілгені туралы қуана хабарлаймыз.
Жаңа, заманауи интерфейсі мен кеңейтілген функционалы бар Nurbank24 жүйесінде жұмыс істеу әлдеқайда ыңғайлы болмақ.
Жаңа Nurbank24 интерфейсі жұмсақ түстермен, минималистік иконкалармен жасалған, қарапайым, дәл және айқын.
Nurbank24 жүйесінде жаңа мүмкіндіктердің бірі - жеке кабинетке кіруге арналған идентификация функциясы, ол екі ұсынылған әдістің бірі арқылы кіруге мүмкіндік береді:
1. логинмен;
2. ұялы телефон нөмірімен*.
Сондай-ақ, егер Nurbank24 қолданушысының төлем картасының жарамдылық мерзімі бітсе, төлем карталары бойынша арнайы «виджет» өз қолданушысын алдын ала хабардар етеді.
Бүгінгі күні Nurbank24 жүйесінде 150-ден астам әртүрлі қызмет жеткізушілері бар.
* - Ұялы телефон нөмірін логин ретінде орнату тек интернет-банкингке тіркелу кезінде менеджер арқылы мүмкін (ұялы нөмірді қолдану ниеті туралы филиал менеджеріне ескерту қажет. Логинді өзгерту ниеті кезінде - филиал менеджеріне жүгіну қажет).