2016 жылдың қорытындысы бойынша Нұрбанк негізгі қаржылық көрсеткіштердің оң динамикасын көрсетті — деп мәлімдеді «Нұрбанк» АҚ Басқарма төрағасы Елдар Сарсенов. Аудиттелген шоғырланған есептік деректер бойынша, 2016 жылы Нұрбанктың таза пайдасы 75%-ға өсіп, 374,5 млн. теңгені құрады, ал 2015 жылы банктің таза пайдасы 213,7 млн. теңгені құраған.
«Қаржы нарығындағы ағымдағы жағдайға қарамастан, Нұрбанк тұрақты әрі сенімді болып қала береді. Біз бүгінгі күні бизнестің және халықтың бізге сенім артқанына қуаныштымыз, бұл өткен жылдың нәтижелерімен айқындалады. Ағымдағы жылы біз даму, теңгерімді өсу, жаңа қызметтер мен технологияларды енгізуді жалғастырамыз», — деді Нұрбанк басшысы Е.Сарсенов.
2016 жылдың негізгі қызмет қорытындылары:
«Динамикалық даму бізге бәсекеге қабілетті позициямызды және қаржылық профилімізді тұрақтандыруға мүмкіндік берді. Өз кезегінде, өнімдеріміз бойынша тиімді шарттар банктің активтерін 19%-ға арттырып, депозит ағынын 30,5%-ға ұлғайтуға мүмкіндік берді», — деді Е.Сарсенов.
Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылдың қаңтарында Standard & Poor’s халықаралық рейтинг агенттігі Нұрбанктың ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кредиттік рейтингтерін «В/В» деңгейінде растады. Standard & Poor’s аналитиктері проблемалы несиелердің көлемін сәтті азайтуын, сондай-ақ банктің оң өсу қарқынын атап өтті.
2017 жылғы 01 маусымдағы жағдай бойынша Банк Қазақстанда 16 филиал және 85 банктік қызмет көрсету орталығына ие. Сонымен қатар, Банк дамыған альтернативті сату желісіне ие — банкоматтар, төлем және pos-терминалдар, сондай-ақ Nurbank24 интернет-банкингі.