Құрметті «Нұрбанк» АҚ клиенттері!

Құрметті «Нұрбанк» АҚ клиенттері!

2017 жылғы 1 қаңтарға банк шоттарында қалыптасқан ақша қалдықтарын салыстыру туралы хабарлаймыз, аталған шоттар «Нұрбанк» АҚ-да ашылған.

Банк шоттарыңыздағы ақша қалдықтарын растау үшін, 2017 жылғы 9 қаңтардан 1 наурызға дейінгі аралықта Сізге қызмет көрсету орнында Банктің операциялық бөлімшелеріне жүгінуіңізді сұраймыз, өзіңізбен бірге жеке басты куәландыратын құжат болуы қажет.

Қосымша ақпарат алу үшін Сіз «Нұрбанк» АҚ филиалына жүгіне аласыз немесе Алматы қаласы үшін 8 (727) 250-00-00, 244-44-44 телефон нөмірлері бойынша Байланыс орталығына қоңырау шала аласыз, Қазақстанның басқа қалалары үшін мобильді телефоннан қысқа нөмір 2552-ге Beeline, Kcell, Tele2, Activ, Altel арқылы хабарласу тегін.

26.12.2016