Депозиттер бойынша өтемақы төлеу

Депозиттер бойынша өтемақы төлеу

Құрметті салымшылар!

2016 жылғы 7 желтоқсанда «Нурбанк» АҚ ұлттық валютада (теңге) ашылған жеке тұлғалардың депозиттері бойынша өтемақының үшінші траншын төледі, бұл еркін өзгермелі айырбас бағамы режиміне көшуге байланысты болды.

Өтемақы 2015 жылдың қарашасында өз депозиттерін қайта рәсімдеп, өтемақы төлеу тәртібі шарттарына сәйкес берілген бір жыл ішінде оларды талап етпеген салымшыларға төленді.

Өтемақы сомасын есептеу кезінде 2015 жылғы 18 тамыздағы жағдай бойынша теңгенің АҚШ долларына бағамы - 188,35 теңге және 2016 жылғы 30 қарашадағы жағдай бойынша теңгенің АҚШ долларына бағамы - 340,30 теңге қолданылды. 

08.12.2016