Акционерлік қоғам акционерлері мен инвесторларының мүдделеріне әсер ететін оқиға күні, акционерлік қоғамның жарғысына сәйкес, сондай-ақ акционерлік қоғамның бағалы қағаздар шығарылымының проспектісіне сәйкес — 2016 жылғы 5 желтоқсан.
«Нурбанк» акционерлік қоғамы (мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәлік № 3868-1900-АҚ 2004 жылғы 09 қараша, БСН 930940000164), Уставқа сәйкес, 2015 жыл үшін артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы Басқарманың шешімі туралы хабарлайды (НИН – KZ1P33110118), бір артықшылықты акцияға 1000 теңге мөлшерінде төленетін болады.
Қысқаша мәліметтер:
1) қоғамның атауы – «Нурбанк» АҚ;
2) орналасқан жері – Қазақстан Республикасы, 050010, Алматы қ., Бостандық ауданы, Абай даңғылы 10 «В»;
3) банктік және басқа реквизиттері – Шот KZ61125KZT1001300296 ҚР Ұлттық Банкі мекемесінде, Кбе14, БИК NBRKKZKX, Банктің БИК NURSKZKX;
4) дивидендтер төленетін кезең – 2015 жыл үшін;
5) бір артықшылықты акцияға есептелген дивиденд мөлшері – 1000 теңге;
6) дивиденд төлеудің басталу күні – 2016 жылғы 20 желтоқсан
7) дивидендтерді төлеу тәртібі мен нысаны:
- дивидендтерді төлеуге арналған акционерлер тізілімін бекіту уақыты мен күні – 2016 жылғы 19 желтоқсанда сағат 00:00,
- дивидендтерді төлеу кезеңі – 2016 жылғы 20 желтоқсаннан 23 желтоқсанға дейін,
- дивидендтерді төлеу әдісі – акционерлердің банктік шоттарына ақша аудару арқылы.