«Картамен төле және ақша ал!» акциясы

«Картамен төле және ақша ал!» акциясы

2023 жылғы 1 сәуірден бастап 30 маусымға дейін Нұрбанктің төлем карталарымен сатып алулар мен қызметтерді төлеп, ақшалай сыйлықтар ұтып алыңыз.

Ең төменгі сатып алу мөлшері — 5 000 теңге.

40 000 теңгелік 4 сыйлықтың ай сайынғы ұтыс ойындарына қатысыңыз.

Транзакция неғұрлым көп болса, сыйлық алу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады!

 

«Картамен төле және ақша ал!» акциясының ережелері

1. Жалпы шарттар 

1.1. Акцияның ұйымдастырушысы - «Нұрбанк» АҚ.

1.2. Акция өткізу аумағы шектелмеген.

1.3. Акция мерзімі – 3 ай, 2023 жылғы 1 сәуірден бастап 30 маусымға дейін қоса алғанда.

1.4. Акцияға қатысушылар - «Нұрбанк» АҚ төлем карталарының иелері, карталар арқылы POS терминалдарда немесе интернетте бір транзакцияда 5 000 теңге немесе одан көп мөлшерде қолма-қол ақшасыз транзакцияларды орындаған жеке тұлғалар.

1.5. Транзакциялар саны шектелмеген. 

1.6. Акцияға қолма-қол ақшаны шешіп алу транзакциялары, барлық түрдегі карта аударымдары, коммуналдық төлемдер, салық, пошта және басқа мемлекеттік төлемдер, телекоммуникация нүктелерінде қызметтер төлемі, төлем карточкасының шотын толтыру қатыстырылмайды.

1.7. Акция қатысушысы ұтыс ойынында тек 1 рет жеңімпаз бола алады.

2. Сыйлық ұтысы жеңімпаздарын анықтау

2.1. Акция аясында 3 сыйлықтың ұтысы өткізілетін болады: - сәуірде өткізілген транзакциялар бойынша 10 мамырға дейін;

- мамырда өткізілген транзакциялар бойынша 10 маусымға дейін; 

- маусымда өткізілген транзакциялар бойынша 10 шілдеге дейін. 

2.2. Акцияның жүлде қоры – 480 000 теңге

2.3. Жалпы жеңімпаздар саны - 12. Әрбір ұтыста 40 000 теңгелік 4 сыйлық ойнатылады.

2.4. Жеңімпаз кездейсоқ сандар генераторының көмегімен, www.random.org интернет-ресурсында, қатысушылардың есепті айда өткізілген транзакциялар санымен тең таңдау ауқымында анықталады. Нөмірі кездейсоқ генерацияланған санмен сәйкес келген қатысушы жеңімпаз саналады.

2.5. Ұтыс нәтижелері Банктің www.nurbank.kz интернет-ресурсында жарияланады.

2.6. Ұтыс Банкінің Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми аккаунтында тікелей эфирде көрсетіледі.

 2.7. Сыйлық сомасы қатысушының акция жеңімпазының төлем карточкасының шотына ақша аудару арқылы жүзеге асырылады.

2.8. Ұтыс сомасы төлену мерзімі – есепті айдан кейінгі айдың 20 күніне дейін.

3. Жеке деректер

3.1. Осы ережелерге сәйкес акцияға қатысу фактісі қатысушының осы ережелермен келісетінін білдіреді, сондай-ақ акцияны өткізу үшін қажет кез келген әдістермен Банктің жеке деректерін өңдеуге келісімін береді.

4. Қосымша

4.1. Осы ережелерде қарастырылмаған барлық мәселелерде Банк пен акция қатысушылары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларын басшылыққа алады.

4.2. Акция туралы ақпарат Банктің www.nurbank.kz интернет-ресурсында, Банктің әлеуметтік желілерінде орналастырылу арқылы таратылады.

 

01.04.2023