Депозиттер бойынша өтемақыны төлеу

Депозиттер бойынша өтемақыны төлеу

Құрметті «Нұрбанк» АҚ салымшылары!

Мемлекет басшысы теңгедегі мерзімді депозиттер бойынша өтемақы төлеу жөніндегі тапсырмасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өтемақы төлеудің механизмі мен тәртібін әзірлеп бекітті. Бұл еркін өзгермелі айырбас бағамына өтуге байланысты.

Өтемақы төлеу бойынша негізгі шарттар

1. Салымшы өтемақы алу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бекітілген нормативтік құжатқа сәйкес қайта рәсімделген салымға ие болуы керек, сол салымдағы сома 2016 жылғы 30 қыркүйек/31 қазан/30 қарашаға дейін сақталған жағдайда.
Мақсатты белгілеу бойынша "Білім беру жиналмалы салымынан" алынған жағдайда, өтемақы 2015 жылғы 18 тамыздағы операциялық күннің соңындағы қалдық сома негізінде төленеді.

2. Өтемақы мемлекеттік қаражат есебінен төменде көрсетілген мерзімдер мен шарттарға сәйкес төленеді:


№ р/с

Салымды қайта рәсімдеу күні

Қайта рәсімделген салымдағы сома сақталуы тиіс

Банк өтемақы сомаларын салымшылардың шоттарына аударуы жоспарланған дата

1.

2015 жылғы 14 қыркүйектен 30 қыркүйекке дейін

2016 жылғы 30 қыркүйекке дейін

2016 жылғы қазан айына дейін

2.

2015 жылғы 1 қазаннан 31 қазанға дейін

2016 жылғы 31 қазанға дейін

2016 жылғы қараша айына дейін

3.

2015 жылғы 1 қарашадан 1 желтоқсанға дейін

2016 жылғы 30 қарашаға дейін

2016 жылғы желтоқсан айына дейін

Өтемақы мөлшері және оның төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бекітілген нормативтік құжатқа сәйкес жүзеге асырылады.

3. Өтемақы сомасы келесі формула бойынша есептеледі:

Вiplata kompensacii po depozitam

Компенсациятөлегенге жататын өтемақы сомасы;
T12015 жылғы 18.08 сәйкес АҚШ долларына теңге курсы*;
T2 — келісімшартта көрсетілген салым мерзімі біткен сәйкес күнге АҚШ долларына теңге курсы/қосымша келісімшарт бойынша қалдық салымын сұрамаған күн әсері*
Қалдық өтемақы төлей отырып қайта рәсімделген салым сомасы.
* Өтемақы сомасын есептеу үшін ұлттық валюта мен АҚШ долларының орташа өлшемді биржалық курстары 2015 жылғы 18.08 таңертеңгілік (негізгі) қор биржасының сессиясында 11:00 астана уақытымен анықталады, ал ұлттық валюта және АҚШ долларының нарықтық бағамының 2016 жылғы 30 қыркүйек, 31 қазан, 30 қарашадағы жағдайына сәйкес анықталады.

Өтемақы төлеу бойынша негізгі сұрақтар мен жауаптар<

1. Өтемақыны кімдер ала алады?
Жауап: 2015 жылдың 18 тамызындағы жұмыс күнінің соңына теңгемен мерзімді салымда 1 000 000 (бір миллион) теңгеден аспайтын қалдық бар салымшылар, содан кейінгі өтемақыны алу мақсатында қайта рәсімделген.
2. Өтемақы алу үшін не қажет?
Жауап:

  • өтемақы алу үшін салымшы 2015 жылдың 1 желтоқсанына дейін Банктің өтемақы бере салымын қайта ресімдеуге жүгіну керек;
  • банктік салым келісімін/банктік салым келісіміне қосымша келісімшарт жасау керек.

Білім беру жинақтау салымдарын қайта ресімдеу банктік салым келісіміне қосымша келісімшарт арқылы жүзеге асырылады.         
3. Егер операциялық күннің соңында 2015 жылғы 18 тамызда қалдық 1 000 000 (бір миллион) теңгеден аз болса және 2015 жылғы 18 тамыздан кейін ерте/жоспарлы түрде жабылса, өтемақы төленеді ме?
Жауап: Иә, болжанған қалдығына дейінгі сомаға жаңа салым ашу арқылы мұндай салымдарға өтемақы беріледі, оның сомасы 2015 жылғы 18 тамыздағы операциялық күннің соңындағы өтемақы берілетін салым бойынша қалдықтан аспауы тиіс.
4. Өтемақы қашан төленеді?
Жауап: Өтелу уақытына сәйкес бекітілген кестеге сәйкес қазан, қараша және 2016 жылғы желтоқсан айларында салым ашылуының немесе қосымша келісімнің күніне байланысты өтемақы төленеді.
5. Қандай жағдайларда өтемақы төленбейді:
Жауап: 2016 жылғы 30 қыркүйек/31 қазан/30 қарашаға дейін қайта ресімделген салым сомасы сақталмағанда, мақсаттық пайдалану бойынша алуды қоспағанда ("Білім беру жинақтау салымнан" оқыту үшін алынған болса).
6. Егер Банкте бірнеше салым болса, қандай шектеулер бар?
Жауап: Бірнеше өтемақы берілетін салымдары бар кезде, әр салым жеке қайта рәсімделеді. Әр салым үшін банк салымы келісімі/банк салымы келісіміне қосымша келісім жасалады. Сонымен қатар, 2015 жылғы 18.08 операциялық күннің соңында әрқайсысын қайта рәсімдейтін салымның мөлшері сол уақытта қолдағы қалған үлестен аспауы тиіс.

07.10.2016