Алматы қаласындағы банк бөлімшелерінің жұмысы уақытша тоқтатылды

Алматы қаласындағы банк бөлімшелерінің жұмысы уақытша тоқтатылды

Құрметті клиенттер!

«Нұрбанк» АҚ Алматы қаласының аумағында террористік қауіптің қызыл деңгейі енгізілуіне байланысты, 2016 жылғы 18 шілдеде Алматы қаласында орналасқан банк бөлімшелерінің жұмысы уақытша тоқтатылғандығын хабарлайды. Банк осы бөлімшелердің клиенттеріне өсімпұл есептеуді тоқтатып, сол арқылы Алматы тұрғындарының несиелеріндегі бір күндік мерзімі өткен қарыздың пайда болуын болдырмайды. Алматыдағы бөлімшелердің жұмысы қалпына келгені туралы Банк қосымша хабарлайды. Кейбір банк операциялары жеке тұлғаларға арналған Nurbank24.kz интернет-банкингінде, сондай-ақ оның Nurbank24 мобильдік қосымшасында қолжетімді.

Құрметпен,
«Нұрбанк» АҚ

18.07.2016