АҚ «Нұрбанк» кез-келген қазақстандық банктер шығарған MasterCard және VISA карталары арасында ақша аударымдары қызметін іске қосты.
Бұған дейін банкте VISA төлем жүйесінде ақша аударымдары қолжетімді болған. Жаңа Нұрбанк қызметі әртүрлі төлем жүйелері арасындағы аударымдарды жүзеге асыруға мүмкіндік береді, яғни VISA картасынан MasterCard картасына және керісінше.
«Ақша аударымдары — сұранысқа ие қызмет. Сондықтан клиенттердің ыңғайлылығы үшін әртүрлі төлем жүйелері арасындағы аударымдарды жүзеге асыру шешілді» — деп мәлімдеді Басқарма Төрағасы Эльдар Сарсенов. «Бұған қоса, біз аударымдарды Nurbank24.kz интернет-банкингте тіркелуді талап етпейміз, аударымды орындау үшін тек сайттың басты бетіндегі «Картадан кез-келген ҚР банкінің картасына аудару» түймесін басып, жіберушінің картасының нөмірін, әрекет ету мерзімін және CVV2/CVC2 кодын және қабылдаушы картасының нөмірін енгізу қажет» — деп қортындылады ол.
Айта кетсек, қызметті кез-келген қазақстандық банктердің карталарын ұстаушылар пайдалана алады. Тарифтер барлықтары үшін бірдей және қолайлы — транзакция сомасынан 0,9%, ең төменгі 250 теңге, ең жоғары 750 теңге. Аударымдар лезде жүзеге асырылады, қолжетімділік 24/7. Бұл қызметті іске асырудағы серіктес PCI DSS талаптарына толығымен сай келетін Processing.kz төлем шлюзі болды.