«Нұрбанк» АҚ сізге құрмет көрсетеді және қызметіңізде табыс тілейді!
Сізге Қазақстан Республикасының «Салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкестендіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен Қазақстан Республикасындағы экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру ережелеріне және резиденттердің экспорт пен импорт бойынша шарттардың есеп нөмірлерін алуына өзгертулер енгізу туралы шешім қабылданғанын хабарлаймыз, Ұлттық Банктің 2012 жылғы 24 ақпандағы № 42 қаулысымен бекітілген (бұдан әрі - Ережелер) сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға кедендік декларациялау рәсімі кезінде шартты ұсынудың қажеттілігін алып тастауы туралы.
Тауарларды кедендік рәсімдеу кезінде мемлекеттік кірістер органының аумақтық бөлімшесінің уәкілетті лауазымды тұлғасы тауарарға арналған декларацияда көрсетілген шарттың есеп нөмірін ҚРҰБ-тен алынған шарттың есеп нөмірі туралы ақпаратпен салыстырады.
Осылайша, егер кеден органында шарттың есеп нөмірі туралы ақпарат болмаса, мемлекеттік кірістер органының аумақтық бөлімшесінің уәкілетті лауазымды тұлғасы тауарларды кедендік рәсімдеуге бас тартады.
Кедендік рәсімдеу барысында шарттың есеп нөмірі туралы ақпараттың болмауына байланысты кешігулерді болдырмау мақсатында, шарт бойынша міндеттемелерді орындауға тараптар басталмас бұрын және соның ішінде экспорт немесе импорт үшін Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы тауарларды өткізудің алдында шарттың есеп нөмірін алу қажеттілігі туралы Ереженің 22-бабының талаптарын орындауды ұсынамыз.
Сонымен қатар, шарт туралы ақпараттың кеден органының дерекқорында шұғыл бейнелеу қажеттілігі туындаса, сізден бұл туралы шартты есепке алу үшін тіркеуге ұсыну күні Банкті жазбаша түрде хабарлауыңызды сұраймыз.
Банк өз кезегінде, техникалық мүмкіндігі болған жағдайда, шарттың есеп нөмірі берілген сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде шарт туралы ақпаратты Ұлттық Банкке жіберуді қамтамасыз етеді.
Қосымша ақпарат алу үшін «Нұрбанк» АҚ валюталық бақылау басқармасына жүгінуіңізді сұраймыз.
Валюталық бақылау басқармасының қызметкерлерімен байланысу үшін төменде көрсетілген байланыстармен хабарласа аласыз:
2552 — Kcell, Altel 4G, Tele2, Beeline, Activ мобильді операторлары үшін тегін
+7 (727) 250-00-00, 244-44-44
Ішкі нөмір:
4642
4648
5365
5063
5457
5443
5463
Құрметпен,
«Нұрбанк» АҚ