Құрметті клиенттер!
Сіздерді Қазақстан Республикасының азаматтарын, оралмандарды және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарды мүлікті заңдастыруына байланысты рақымшылық туралы Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізілгеніне сәйкес мүлікті заңдастыру мерзімі 2016 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылғаны жөнінде хабардар етеміз.
Заңға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес:
- Заңдастыру субъектілері - мүліктерін Заңмен белгіленген тәртіпте заңдастыратын Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдар;
- Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі заңдастыру субъектісінің ағымдағы банктік шот ашу туралы өтініші негізінде, ақша қаражатын заңдастыру мақсатында ұлттық және (немесе) шетел валютасында ағымдағы банктік шот ашады.
- Ақша тек мемлекеттік кірістер органының арнайы декларациясын қабылдағаннан кейін ғана заңдастырылған деп саналады. Арнайы декларацияны мемлекеттік кірістер органына беру заңдастыру субъектісінің құқығы және міндеті болып табылады, ол ұсынылған мәліметтердің толықтығы мен шынайылығы үшін жауапты
- Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкіне ағымдағы банктік шотқа заңдастырылатын қаражат енгізілгенде/аударылғанда, заңдастыру субъектісіне енгізілген/аударылған соманың көлемін растайтын анықтаманы белгіленген үлгі бойынша тегін береді.
Қосымша ақпарат алу үшін АО «Нурбанк» кез келген филиалына хабарласа аласыз.
Құрметпен,
АО «Нурбанк»