Standard & Poor's халықаралық рейтинг агенттігі Нұрбанктің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді несиелік рейтингін «B/B» деңгейінде растады.
«Несиелік рейтингтің «B/B» деңгейінде растау, ішкі және сыртқы қаржы нарықтарындағы қалыптасқан жағдайға қарамастан, банктің сенімділігі, сондай-ақ клиенттер мен серіктестердің сенімділігін көрсетеді. Біз әрі қарай банктің қызметін жақсарту бойынша жұмыс істейміз», — деді Эльдар Сарсенов.
Қазақстанның банк секторындағы ағымдағы жағымсыз тенденциялар мен Standard & Poor's ұлттық шкала бойынша рейтинг болжамын «тұрақтыдан» «теріс» деңгейіне ауыстырып, «kzbb+» -тен «kzbb» деңгейіне өзгертуіне байланысты. Standard & Poor's аналитиктері капитализация көрсеткіштері мен активтер өсімі жақсарса, болжамды «тұрақты» деңгейіне қайта қарастыруға дайын екендерін атап өтті.
«Биылғы жылы банктің көрсеткіштерін жақсарту мақсатында біз бөлшек бизнесті белсенді дамытып, қашықтан банктік қызметтерді жетілдірмек ниеттеміз. Жақында клиенттерімізді жаңа карталық өнімдер, жергілікті нарық үшін мүлде жаңа мобильді интернет-банкинг және банк пен басқа да қызметтер үшін төлем терминалдарының ауқымды желісі күтеді», — деп атап өтті Э. Сарсенов.
Естеріңізге сала кетейік, аудиттелмеген шоғырландырылған қаржылық есептілік мәліметтері бойынша, Нұрбанктің таза пайдасы 2015 жылы 2014 жылмен салыстырғанда 6,3%-ға өсіп, 1,898 млрд теңгені құрады. Активтер 9,2%-ға өсіп, 323,823 млрд теңгені құрады. Есепті кезеңде банктің міндеттемелері 10,2%-ға артып, 281,2 млрд теңгеге дейін жетті, ал меншікті капиталы 3,4%-ға артып, 42,072 млрд теңгеге жетті. Ұлттық банктін мәліметтері бойынша, Нұрбанк 2015 жылғы қаңтар-қыркүйек қорытындысы бойынша активтер көлемі бойынша Қазақстандағы 35 банктің ішінде 14-орынды иеленді.