Бұрын хабарланғандай, 2020 жылғы сәуірде Нұрбанк қаржылық тұрақтылықты арттыру бағдарламасына қатысты және қосымша резервтерді қалыптастыруға кірісті.
Банк 15 жыл мерзімге 46,8 млрд теңге сомасына субординацияланған облигацияларды орналастырды. Бұл қаражаттар несиелендіру мен экономиканың нақты секторын қолдауға бағытталған. Сондай-ақ, 2020 жылғы мамырда ірі акционер банкке қосымша 20,038 млрд теңге капитализация жасады. Нәтижесінде - банктің сенімділігі мен қаржылық тұрақтылығының арттыруы, таңдалған стратегияға сәйкес даму және өсу.
Бұл шаралар AQR нәтижелері бойынша міндеттемелерді орындауға және проблемалық қарыздардан болуы мүмкін шығындарды жабу үшін қауіпсіздік жастығы ретінде пайдадан қалыптастыратын қосымша резервтерді қалыптастыруға мүмкіндік берді. Бұл қаржылық нәтижеге әсер етті (құрылған резервтер сомасына шығын). Сонымен бірге бұл шығындар бізбен мұқият жоспарланған және осындай жақсы көлемдегі резервтерді қалыптастырудың табиғи салдары екенін түсіну керек.
Қиын экономикалық жылға қарамастан, банктің көрсеткіштері тұрақты және кейбір секторлар өсу көрсетуде. Ағымдағы жыл қорытындысы бойынша банк несиелік портфельді сақтау (өсімі 1%) және 2021 жылы оны 2020 жылдың соңындағы сомалардан кем дегенде 8%-ға арттыруды жоспарлайды.
Жоспарда банктің бәсекеге қабілеттілігін жүйелі түрде арттыру, клиенттер үшін ең қолайлы шарттарды сақтау, әмбебап банктің ажырамас атрибуты ретінде бөлшек бизнес бағытын дамытуға назар аудару сақталған.
Қазіргі қиын экономикалық дағдарыс және жаһандық пандемия салдарының ел экономикасына кері әсерін тигізу жағдайларында, біздің банк тұрақтылықты сақтап отыр.
Ағымдағы жылдың басынан 2020 жылғы 1 қарашаға дейін "Нұрбанктің" активтері 1,1%-ға өсті. Несие портфелі бойынша заңды тұлғалардың қарыз алушыларының саны 12,7%-ға артқан.
"Нұрбанктің" депозиттік портфелі 3,3%-ға, әсіресе ШОБ салымдары 15%-ға өсті. Депозитор-заңды тұлғалардың саны 13,5%-ға артты.
Ағымдағы жылдың 10 айы үшін таза пайыздық кіріс өткен жылдың сол кезеңімен салыстырғанда 34%-ға артып отыр.
Алдыңғы қатарлы тапсырмалар қатарында: қолданыстағы клиенттік базаны сақтау, экономиканың түрлі секторларында жаңа клиенттерді тарту, несиелік портфель сапасын жақсарту және проблемалық қарыздардың қайтарымдылығын арттыру. 2020 жылы банк кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға белсенді қатысуды, микронесиелендіруге бағыттау үшін ресурстар тартуды жалғастыруда.