«Нұрбанк» АҚ «Алматы жол-құрылыс компаниясы» (бұдан әрі - АЖҚК) ЖШС қаржыландыруды қамтамасыз етті. 2001 жылы негізі қаланған АЖҚК екі онжылдықта жоғары сапалы асфальт, толтырғыш және вибропресстелген бетон бұйымдарының сенімді өндірушісі ретінде беделге ие болып, саланың көшбасшысына айналды.
Бүгінгі таңда компанияда 250-ге жуық қызметкер жұмыс істейді және ең заманауи өндірістік инфрақұрылымға ие. AЖҚK арсеналында жалпы қуаттылығы сағатына 980 тонна асфальт шығаратын әлемге әйгілі «AMMANN» брендінің бес жоғары технологиялық асфальт араластырғыш зауыты, бетон бұйымдарын шығаратын зауыт (соның ішінде тастөселім мен бордюрлер), сондай-ақ Алматы облысындағы Бәйтерек кентіндегі 38 га карьері бар. Мұнда өнімділігі сағатына 200 тонна болатын екі ұсақтау және іріктеу желісі және сағатына 35 тонна құм жуу цехы жұмыс істейді. Компанияда күрделі инфрақұрылымдық тапсырмаларды орындау үшін қажетті заманауи мамандандырылған жабдықтардың кең паркі бар.
Тұрақты өсуді қамтамасыз ету үшін AЖҚK өндірістік процестерді үнемі жетілдіреді және қуаттылықты кеңейтеді. 2017 жылдан бастап Нұрбанк компанияның қаржылық серіктесі болып келеді. Ынтымақтастықтың арқасында 2024 жылы компания жаңа техника сатып алуға және көлік паркін кеңейтуге бағытталған 2,5 миллиард теңгеден астам сомаға қаржыландыру тартты. Бұл құрылыс компаниясының өндірістік қуатын нығайтуға мүмкіндік берді. Компанияның тұрақты дамуын одан әрі қамтамасыз ету мақсатында Банк қаржылық қолдау көрсетіп қана қоймай, өзінің сараптамалық білімімен бөліседі
AЖҚK 2017 жылдан бастап жол құрылысына белсенді түрде атсалысуда. Аяқталған жобалардың қатарында Алматы қаласы мен Алматы облысындағы жолдар мен көшелерді күрделі жөндеу, Сайын даңғылына асфальт төсеу, автобус паркін абаттандыру, Кербұлақ ауданындағы жолдарды салу және басқа да өңір үшін маңызды жобалар бар.
"AЖҚK-пен серіктестік – бұл жай ғана іскерлік ынтымақтастық емес, Қазақстанның болашағына инвестиция. Асфальтбетон қоспасы өндірісін дамыту заманауи жол инфрақұрылымын құрудың негізі болып табылады. Біз ауқымды және әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыратын компанияның қаржылық серіктесі болғанымызды мақтан тұтамыз", - деп атап өтті «Нұрбанк» АҚ Басқарма төрайымы Гульнара Мусатаева.
Сондай-ақ ол құрылыс саласының маусымдылығын ескере отырып, Нұрбанк қаржылық ағындарды тиімді басқаруға және операциялық тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік беретін борыштық міндеттемелерді өтеудің икемді кестесін әзірлегенін атап өтті.
«Біз Нұрбанктің кәсіпқой әрі сарабдал командасының жұмылдыруын жоғары бағалаймыз, - деп атап өтті «Алматы жол-құрылыс компаниясы» ЖШС директоры Юнус Исмаилович Гагиев.
* Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2020 жылдың 03-ақпанында берген «Нұрбанк» АҚ-тың лицензиясының №1.2.15/193.