2024 жылдың басынан бері Қазақстанда шағын және орта бизнес секторында тіркелген компания санының айтарлықтай өсуі байқалады. Соңғы деректерге сәйкес, тіркелген ШОБ субъектілерінің саны 2,2 миллионға жетті. Шағын және орта бизнестің елдің ЖІӨ-дегі үлесі 36,5% құрады. Бүгінде бизнес 4 млн астам адамды жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп отыр.
Мемлекет пен екінші деңгейлі банктер елдегі кәсіпкерліктің дамуын белсенді түрде қолдай отырып, бизнеске жеңілдетілген пайыздық мөлшерлемемен несиелер береді. Мұндай табысты серіктестікке мысал ретінде «Далангер» наубайханасын айтуға болады.
Ішкі нарықты дәмді және сапалы өнімдермен қамтамасыз етіп қана қоймай, аймақ экономикасының дамуына үлес қосып жатқан наубайхананың қызметі туралы келесі сюжеттен айтып береміз.
Дереккөз: https://qyzyljartv.kz/ru/news/42439