Жүректерімізді бірге жылытаық: дәстүрлі «Жылулық сыйлаймыз» акциясын Нұрбанк бастады

Жүректерімізді бірге жылытаық: дәстүрлі «Жылулық сыйлаймыз» акциясын Нұрбанк бастады

Қыста коммуналдық қызметтердің жұмыс көлемі бірнеше есе артады. Аяз бен ауа райының қолайсыздығына қарамастан, күн сайын таңертең мыңдаған қызметкерлер қар мен түнде пайда болған мұзды тазалауға кезекшілікке шығады. Мұның бәрі біз қалаға қауіпсіз және ыңғайлы қозғалуы үшін.

Ақпан айының соңғы апталарында Қазақстанның көптеген қалалары күрделі ауа райы жағдайларына тап болды: аяз, боран және қар жауды. Бұл коммуналдық қызметкерлер үшін елеулі сынақ. Олардың қиын жұмыстарын түсіне отырып, Нұрбанк алтыншы жыл қатарынан «Жылулық сыйлаймыз» акциясын өткізеді. Суық маусымның басталуымен, Нұрбанктің логотипі бейнеленген арнайы кофемобильдер Қазақстан қалаларының көшелерімен жүреді және банк қызметкерлері коммуналдық қызметкерлерге ыстық сусындар мен нан-тоқаш өнімдерін тегін таратады. Суық күндері шай, кофе және хош иісті нан-тоқаштар аздап демалуға, күш-қуат жинауға және жылынуға көмектеседі. Биылғы жылы маңызды акция «Жылулық сыйлаймыз» Қазақстанның 11 ірі қаласында өткізілуде. 

«Әлеуметтік бастамалардың кең ауқымында «Жылулық сыйлаймыз» акциясы ерекше орын алады. Біздің қаланың көшелерін күн сайын жақсартуға және тазартуға атсалысатын барлық адамдардың еңбегін жоғары бағалаймыз және оларға «Жылулық сыйлаймыз» жобасы арқылы қолдау көрсетуге тырысамыз. Нұрбанк тек қаржылық қызметтер көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар, 30 жылдан астам уақыт бойы қайырымдылық және әлеуметтік бастамаларға белсенді қатысады. Нұрбанк нарықта болған уақыт ішінде мыңнан астам қайырымдылық бағдарламалары мен республикалық және қалалық масштабтағы ірі жобаларын жүзеге асырды», – дейді «Нұрбанк» АҚ басқарма төрайымы Гүлнара Мусатаева. 

Муниципалдық қызметкерлер тұрақтылықты бағалайды және осы салада бірнеше жыл жұмыс істеуге дайын. Коммуналдық қызмет өкілдерінің айтуынша, олардың жұмысы кейбір қиындықтарға қарамастан көптеген артықшылықтарға ие. Ең бастысы – тұрақты және ресми кіріс, келісілген және үйлесімді команда.

Коммуналдық қызметкерлердің көбі өз әңгімелерімен аса ризашылықпен бөліседі. Фарида Абдыхалыкова жұмысқа өте ерте жиналады. Ол Алматы маңында тұрып, бірнеше жылдар бойы өзінің бригадасымен учаскеде сегізден кешікпей тұрады. 

«Мен бұл салада бес жыл жұмыс істеп келемін. Басында үйренішті емес еді және қиын болды. Әсіресе қыста. Коммуналдық қызметтер барлық қала тұрғындарына көмектеседі – кейде біз аласапыран стихиямен бетпе-бет қалып, алғашқы шепте жұмыс істейміз! Қыстыгүні Нұрбанктің кофемобильдері бізге жақсы қолдау көрсетеді. Жылдар бойы Нұрбанк қызметкерлерімен танымал болып, оларды алыстан көргенде біз бірден жиналып демалуға жүгіріп келеміз. Жарқын кофемобиль – кішігірім тынығып алу белгісі», – дейді Фарида Абдыхалыкова.

Салима Жұмамұратова, этникалық қазақ, отанына Қарақалпақстаннан шамамен 25 жыл бұрын көшіп келген. Коммуналдық қызметке келер алдында ол тамақ өндіруде жұмыс істеді. Жұмыс маусымдық болды және Алматыда тұрақты және ресми жалақысы бар көше жуушылар жинап жатқанын білген соң, ол қызмет саласын алмастыруға шешім қабылдады. Жеті жыл ішінде ол қатардағы сыпырғыштан коммуналдық қызмет шеберіне дейінгі жолды өтті. Енді ол күйеуімен бірге, ол да осы салада жұмыс істейді, күн сайын микроавтобуспен Алматыға өз бригадасын әкеліп, күн ішінде олардың жұмыстарын үйлестіреді.  

«Қыста жұмыс істеу физикалық жағынан қиын, әсіресе бір аптаның ішінде бірнеше қарлы күн болғанда. Енді автокөлік жүргізушілері бізді түсінбей, заңсыз орындарға тұрып, қаланы тазалауға кедергі жасау сәттері кездеседі. Дегенмен, бұл жұмыс жағдайлары. Мен жұмысымды жақсы көремін және мұнда барынша ұзақ жұмыс істегім келеді. Нұрбанктің назар аударғанына және қамқорлығына көп рахмет», – дейді Салима Жұмамұратова. 

«Жылулық сыйлаймыз» ақпан айының соңына дейін жалғасады. Алты жыл ішінде акция қамқорлықтың символы ғана емес, сонымен бірге біздің қаланың нағыз қаһармандарына қоғамға маңызы зор жұмыстары үшін алғыс білдіру мүмкіндігі болды.

«Нұрбанк» АҚ 2020 жылғы 3 ақпандағы Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген №1.2.15/193 лицензиясына ие.

Дереккөз: https://www.nur.kz/society/2061854-sogreem-serdtsa-vmeste-traditsionnuyu-aktsiyu-darim-teplo-zapustil-nurbank/

20.02.2024