Нурбанк рейтингтері тұрақты болжамымен расталды

Нурбанк рейтингтері тұрақты болжамымен расталды

Халықаралық рейтинг агенттігі S&P Global Ratings «Нурбанк» АҚ-ның кредиттік рейтингтерін тұрақты болжаммен «B-/B» деңгейінде растады.

«Тұрақты» болжам «Нурбанк» АҚ-ның активтердің сапасын жақсартуға, портфелдегі проблемалық несиелер үлесін азайтуға, капитал қорының жеткіліктілігін және қажетті өтімділік деңгейін сақтауға бағытталған қаржылық институттың табысты қызметінің нәтижелерін растайды. Агенттік мамандары банктің тұрақты қаржыландыру профилін сақтайтынын күтеді.

Дереккөз: https://kz.kursiv.media/2023-08-18/skvr-nurbank-r/

17.08.2023