Республика күні: Алматыда қайырымдылық әуесқой жүгіру өтті

Республика күні: Алматыда қайырымдылық әуесқой жүгіру өтті

Мерейтойлық күнге орай Алматыда Charity Music Run қайырымдылық музыкалық жарысы өтті. Белсенді демалысты ұнатушылар жартылай марафондық және он шақырымдық қашықтықтарды бағындырып, өзара жарысты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Жарысқа қатысудан жиналған барлық қаражат қайырымдылыққа — онкологиялық науқас балаларға көмекке жұмсалды.

«Барлық ақша жабдық сатып алуға, не болмаса тұрмыстық бөлмелерді жабдықтауға және онкологиялық науқас балаларды емдеуге жұмсалады, 2018 жылы біз науқас балаларға көмек ретінде қаражат жібердік», — деді ұйымдастырушы Гүлнар Мусатаева.

Жалпы, стартқа мыңнан астам адам шықты. Жүгіруді ұнатушылар ғана емес, сондай-ақ скандинавиялық жүрісті ұнатушылар да қатысты. Осындай жарыс үшінші рет өткізіліп отыр. Осы жақсы дәстүрді жалғастыру және онкологиялық науқас балаларға қолдау көрсету жыл сайын жоспарлануда.

«Осы жарыстан кейін біздің институтымыздың реанимациялық бөлімшелеріне, әсіресе, онкологиялық науқастарға арнайы электр медициналық кереуеттер сатып алу жоспарлануда», — деді Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының хирургиялық блогының жетекшісі Константин Хаиров.

Дереккөз: Almaty.tv

25.10.2022