Гүлнара Мусатаева Нұрбанкті басқарды

Гүлнара Мусатаева Нұрбанкті басқарды

informburo290920211111

Директорлар кеңесінің шешімімен Гүлнара Мусатаева «Нұрбанк» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды қаржы институтының баспасөз қызметі.

Бұған дейін Гүлнара Мусатаева «Нұрбанк» АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған, заңгерлік мәселелерді қадағалаған, сондай-ақ оның басшылығымен банктің кепілдік қызметі, талап қою жұмыс бөлімшесі, жарнама және қоғаммен байланыс басқармасы, персоналмен жұмыс және әкімшілік-шаруашылық қызметі болған. Гүлнара Мусатаева бөлшек және карталық бизнес бөлімшелерінің жұмысын қадағалаған.

Бұл лауазымда Гүлнара Мусатаева «Нұрбанк» АҚ ірі акционері мәртебесін алуына байланысты қызметтен кеткен Елдар Сарсеновті алмастырды.

«Акционерлер мен директорлар кеңесіне білдірген сенімі үшін алғыс айтқым келеді. Нұрбанк нарықта 30 жылға жуық уақыт болды. Банк өсуде және қаржы нарығында өз орнына ие болды. Бізде оны әрі қарай сапалы дамытуға, бөлшек, корпоративтік секторда және МСБ кредиттік портфелін сенімді өсіруге, алдыңғы қатарлы технологияларды қолдану арқылы қызметтер мен өнімдеріміздің тізімін кеңейтуге үлкен жоспарларымыз бар", – деп атап өтті Гүлнара Мусатаева.

Дереккөз: Информбюро

29.09.2021