Нұрбанктің иесі мен басқарма төрағасы ауысты

Нұрбанктің иесі мен басқарма төрағасы ауысты

ffffffffffffffffffffffffff

Елдар Сарсенов «Нұрбанк» АҚ акцияларын ірі көлемде сатып алып, JP Finance Group компаниясының 100% үлесіне ие болды, ол өз кезегінде «Нұрбанк» АҚ-ның негізгі акционері болып табылады.

Бұрын хабарланғандай, Елдар Сарсенов Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінен банктің негізгі (байланысқан) акционерінің статусына ие болуға рұқсат алған болатын. Қазіргі уақытта акционер ауысуымен байланысты барлық қажетті рәсімдер аяқталып, Елдар Сарсенов «Нұрбанк» АҚ басқарма төрағасының қызметінен кетті, бірақ «Нұрбанк» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі болып қала бермек.

«Өткен жылдары Нұрбанкте кәсіби команда құрылды, біз банктің дамуына бірлесе жұмыс жасадық. Қазіргі уақытта болып жатқан маңызды өзгерістер Нұрбанктің алдына жаңа міндеттер қойып отыр, ірі қаржылық холдингтің мүшесі ретінде. Бұл біздің жаңа өнімдерді әзірлеуде, жаңа технологияларды енгізуде және даму стратегиясында ескерілетін болады, мұндағы негізгі басымдықтардың бірі – жоғары деңгейлі клиенттерге қызмет көрсетуі бар әмбебап қаржы-несие ұйымын құру болып табылады. Біз кредиттік және депозиттік портфельдерімізді кеңейтуді және олардың сапасын жақсартуды жоспарлап отырмыз», - деді Елдар Сарсенов.

Айта кетейік, JP Finance Group құрамына «Нұрбанк» АҚ-дан басқа «Ақша сарапшылары» АҚ, «Нұр Лизинг» ЖШС және «ОҮА» ЖШС кіреді. Сонымен қатар, Елдар Сарсенов «Виктория» сақтандыру компаниясының ірі акционері болып табылады.

«JP Finance Group» ЖШС арқылы банктің акцияларының 87,86%-ы Елдар Сарсеновтың әкесіне – Рашит Сарсеновке тиесілі еді (Forbes Kazakhstan-ның бай іскерлер рейтингінің №10).

«Нұрбанк» АҚ 1992 жылы құрылған. Банктің елдің барлық негізгі аймақтарында 17 филиалы және 77 бөлімшесі бар.

«Қазақстан банктерінің рейтингі - 2021» бойынша Нұрбанк 20-шы орынға ие. Нұрбанктің 2020 жылғы соңындағы активтері 427,75 млрд теңге, жеке капиталы 40,9 млрд, бұл 2019 жылдың 68,95 млрд-ынан 41% төмен. Банк жылды 48,3 млрд теңге шығынмен аяқтаған, өткен жылы 3,67 млрд пайда болған еді.

S&P Global Ratings «Нұрбанк»-тің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кредиттік рейтингтерін «B-/B» деңгейінде, ал ұлттық шкала бойынша ұзақ мерзімді рейтингін «kzBB-» деңгейінде бағалайды. Болжау – «Тұрақты».

Дереккөз: Форбс

29.09.2021