Нұрбанктің Aqyl депозитімен балаңыздың білім болашағы

Нұрбанктің Aqyl депозитімен балаңыздың білім болашағы

22.06.21

Қазақстанда жақында ғана мектеп бітірушілердің қоштасу кеші өтті, көптеген ата-ана мектеп оқушыларын қандай болашақ күтіп тұрғанын ойлай бастады. Олардың өмірінің қалай қалыптасатыны көбінесе бітірушілердің қандай университетке түсетініне және ата-аналарының оны төлеуге қабілеттілігіне байланысты. Осыған орай, Нұрбанк Aqyl білім сақтандыру депозиті ретінде заманауи өнім ұсынады.

Бұл депозит сіздің балаларыңызға әртүрлі мүмкіндіктер ашатын әмбебап құрал болып табылады. Жинақталған соманы Қазақстан мен шетелдегі университеттерде, колледждерде, тіпті тілдік курстарда оқуға ешқандай шектеусіз жұмсауға болады. Салымшы барлық жинақталған соманы және мемлекет тарапынан 7 пайызға дейінгі сыйлықақы мен банктің жылдық 9 пайыздық сыйақысын оқуға жұмсай алады. Нәтижесінде, Aqyl депозитінің кірістілігі 14 пайыздан асады, бұл осы депозиттің ең басты артықшылығы болып табылады.

Мысалы, Қазақстанда мемлекеттік университетте оқу жылы орташа есеппен 700 000 теңге тұратын болса, баланың жоғары білімі 2,8 миллион теңгеге түседі. 7-сыныпта Aqyl депозитін ашсаңыз, мектепті бітіруге 5 жыл қалған кезде ай сайын 45 000 теңгемен толықтырып отырсаңыз, жиналған сома таңдалған университетте бакалавриаттың бүкіл оқу мерзімін төлеуге мүмкіндік береді.

Биылдың басынан бері Нұрбанкте 110 Aqyl білім сақтандыру депозиті ашылды. Алматы қаласының тұрғындары бұл депозитті қатты бағалап, оңтүстік астанадан келген қамқор ата-аналардың саны барлық салымшылардың 24,1 пайызын құрап отыр, ал Нұр-Сұлтанда олардың саны 14,8 пайыз, Қарағандыда - 8,5 пайыз, Атырауда - 8,1 пайыз. Aqyl депозиті Ақтөбе, Ақтау, Өскемен және Шымкент қалаларында да танымал – ол жерлерде салымшылардың жалпы саны 22,6 пайызды құрайды.

Aqyl-дің тағы бір пайдалы қасиеті – оқу ақысын тек ақшаны оқу орнының шотына аудару арқылы қолма-қолсыз төленеді, ал есепшоттан ішінара алу қарастырылмаған. Бұл салымшыларды басқа қажеттіліктерге ақша жұмсау азғыруынан автоматты түрде арылтады және болашақ студенттің біліміне басымдық қоюды қамтамасыз етеді. Шетелдік университеттің шотына ақша аудару кезінде салымшы банктің стандартты тарифтері негізінде халықаралық аударымдар санаты бойынша стандартты комиссия төлеуі тиіс.

Депозитті жеке мақсатта алу жағдайында келісім-шарт бұзылатынын және мемлекет тарапынан берілген сыйлықақының бюджетке қайтарылатынын есте ұстаған жөн.

Балаларыңыздың болашағына бүгін Нұрбанктің Aqyl депозиті арқылы қамқорлық жасаңыз!

дереккөз: Tengrinews.kz

22.06.2021